- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР ИДМ-де Қазақстандағы құрылыс саласының дамуы туралы баяндады
ҚР ИДМ-де Қазақстандағы құрылыс саласының дамуы туралы баяндады
Қалаларға шоғырлануды қолжетімді баспана мен көліктік инфрақұрылымсыз жүзеге асыру мүмкін емес. Елбасы айтып өткендей, жұмыс орындарын құру әлеуеті шексіз.
Бұл орайда құрылыс экономиканың үздік саласы болып отыр. Құрылыс жұмыстарының физикалық индекс көлемі 2016 жылдың қорытындысы бойынша 7,9%-ды құрады, биылғы жылдың бірінші тоқсанында өсім көлемі 7,1 пайызды құрады.
«Тұрғын үй саласының инвестициясы 2015 жылғы 740 млрд теңгеден 2016 жылы 830 млрд теңгеге жетті, биылғы жылдың бірінші тоқсанында 174 млрд теңгені құрады. Республиканың тұрғын үй қоры 2016 жылдың қорытындысы бойынша 10,5 млн шаршы метрге өсіп, 90 мың тұрғын үйді құрады. Бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша 3,1 млн шаршы метр немесе 25 мың тұрғын үй, ол 2016 жылдың қорытындысын 25,3 пайызға көбейтеді. Тұрғын үй қарқынының өсімі 15 өңірде байқалып отыр, сондықтан еңбек нарығында құрылыс жұмыстары сұранысқа ие», - делінген хабарламада.
2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік инфрақұрылымды дамыту бағдарламасын жүзеге асыру аясында тұрғын үй инфрақұрылымын нығайтуды ҚР Ұлттық қорының қаржысына жүзеге асыру бойынша 2015 жылдан бастап тұрғын үй құрылысының жұмыстары жүргізілуде.
«Қазақстандық ипотекалық компания» АҚ желісі бойынша пайдалануға 753 мың шаршы метр жалға беру тұрғын үйі сатып алу құқығы бойынша берілді. Қорытындысында, 13227 отбасы өзінің баспаналық жағдайын жақсартты. Екі жыл ішінде 27 мың жұмыс орны ашылды.
«Бәйтерек девелопмент» АҚ желісі бойынша 691 мың шаршы метр кредиттік және жалдамалық тұрғын үй бойынша құрылыс-монтаждық жұмыстар жүргізілуде, оның ішінде 2036 пәтері пайдалануға берілді. 10 мың жұмыс орны құрылды.
ЖАО желісі бойынша несиелік пәтерлерге құрылыс-монтаждық жұмыстар 541,5 мың шаршы метр үй немесе 8962 пәтерге жүргізілді. 6 мың жұмыс орны құрылды.
«2017 жылдан бастап тұрғын үй құрылысы «Нұрлы жол» құрылыс бағдарламасына ықпалдастырылды», - деп хабарлады комитетте.
Жалпы, бағдарлама 2017 жылдан 2031 жылға дейін 15 жыл бойы жүзеге асырылады. Осыған орай, 1,5 млн отбасы үшін баспана салу жоспарланған, оның ішінде 600 мың жеке үй мен 972 пәтер бар, ал мемлекеттік инвестиция есебінен 366 мың пәтер -45 мың жалдамалы және 285 мың несиелік пәтер салынбақ.
Бұл тұрғын үй қорын 18 пайызға өсіріп, 2015 жылмен салыстырғанда халықты екі пунктке көп баспанмен қамтиды.
Ақбота Күзекбай
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
«Astana Media Week»: Отандық БАҚ-тың дамуы, стратегиясы және фейк ақпаратпен күрес шаралары -
Тоқаев COVID-19-дан кейінгі қалыпқа келу, климат дағдарысы және Ауғанстандағы гуманитарлық жағдай туралы -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері -
ІІМ: Терроризм актілері туралы жалған хабарламаларды ашу және тергеу шаралары -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы -
Отандық құрылыс материалдары қанша пайызға қымбаттады -
Қазақстандағы банк секторының даму бағыты -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Көмірсутек шикізаты бойынша жер қойнауын пайдалану саласының дамуы