- Басты
- Жаңалықтар
- Шардарада мақтаны егу алаңы кеңейтілді
Шардарада мақтаны егу алаңы кеңейтілді
Мақта шитін жаңа тәсілмен еккен белсенділердің бірі «Иіржар-агро» ЖШС-гі. Серіктестіктің егістік алқабында жаңа технологиялық әдіс бойынша соңғы 5 жылдан бері мақта егіліп келеді. Былтырғы жылы 240 гектарға егілген мақталықтың әр гектарынан 51 центнерден өнім алған шаруалар биыл егістік көлемін 300 гектарға ұлғайтып отыр.
Жаңа технологиялық әдістің пайдасы мол екенін айтқан шаруалар бұл техника бір мезетте үш қызметті атқаратынын айтты. Мәселен, техника шит тұқымын шахмат әдісімен топыраққа біркелкі тастап, сонымен бірге тамшылатып суару жүйесін қоса көміп, оның үстінен пленка жауып та үлгереді. Осылайша, дәлдікпен егілген шит тұқымы тез өсіп, жетілсе, тамшылатып суарудың нәтижесінде қоза көсегі түгелдей дерлік ашылып, өнім көрсеткіші екі есе артады.
«Иіржар-агро» серіктестігінің атқарушы директоры Бақыт Қамбаровтың айтуынша биылғы жылы мақтаның элиталық «2747» және қытай сортын орналастырып жатыр. Бір гектарға 270-280 мың теңге көлемінде шығын жұмсайтын шаруашылық берекелі күзде бұл шығынның еселеп қайтарына сенімдері мол.
Жалпы Шардарада 59 300 гектар жер игерілсе, оның 14 мыңнан астам гектарына шитті мақта егіледі деп күтілуде. Ал, Жаушықұм ауылында биылғы жылы жалпы 3702 гектар алқапқа әртүрлі дақылдар егу жоспарланып отыр. Оның 300 гектарына жаңа техникалық әдіспен мақта егілмек.
-
ЭЕБ-те ХЖҚО қызметтерін қашықтан көрсету мүмкіндіктері кеңейтілді -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
Дін саласы: «YZ CLUB» алаңы, «Жусан» операциясы және деструктивті діни ағымдар -
АШМ: Егін егу науқаны мен көктемгі егіс жұмыстарын қаржыландыру -
Елордадағы эпиджағдай: Жұқтырғандар саны, вакциналау барысы және егу пункттері -
COVID-19 қарсы вакцина: егілгендер саны, егу пункттері мен ұжымдық иммунитет -
Антикор басшысына тікелей өтініш жолдау мүмкін бе -
«Адамдарға көмектесу-мақтаныш емес, азаматтық борышым». Жүкті әйелді босандырып алған полицейдің әңгімесі -
Эко-амбассадор: "EcoCamp" лагері - экологтар үшін тәжірибе алмасу алаңы болмақ -
Жамбыл облысында үш әмбебап спорт алаңы ашылды -
Биыл 22,5 млн гектар алаңға егіс егу жоспарлануда - министр -
Мақтааралдағы құрылыс алаңы дезинфекцияланды -
Атыраулық диқандар жем мен көкөніс дақылдарын егуді көбейтті -
Әлия Ғаббасқызы: Мейірбике болу - мақтаныш -
Орнықтылық қорының облигациялары Қазақстан қор биржасының Негізгі алаңына ауыстырылды