• Басты
  • ҚР Президенті Қаржы министрлігіне мемлекеттік шығынды азайтуды тапсырды
24 Сәуір, 2017 18:01

ҚР Президенті Қаржы министрлігіне мемлекеттік шығынды азайтуды тапсырды

Мемлекет басшысы Қаржы министрі Бақыт Сұлтановты қабылдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
ҚР Президенті Қаржы министрлігіне мемлекеттік шығынды азайтуды тапсырды

Кездесуде Мемлекет басшысына «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты жолдауда еліміздің қаржы және фискалдық жүйесінің алдына қойылған міндеттердің іске асырылу барысы туралы мәлімделді.

Нұрсұлтан Назарбаев елдің экономикалық даму деңгейін арттырудың маңыздылығын атап өтіп, негізгі үш міндеттің орындалуына баса назар аударды.

«Біріншіден, тиісті тетіктер қалыптастыру арқылы бюджет кірісін арттыру керек. Қажет болған жағдайда, шетелдік тәжірибе зерттелуге тиіс. Екіншіден, мемлекеттік шығыстарды азайту керек. Үшіншіден, бөлінген бюджетті тиімді пайдаланған жөн. Мемлекет үшін Қаржы министрі қызметінің тиімділігі оның осы функцияларды қалай атқаратынына тікелей байланысты», – деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы экономикалық өсімнің төмендеуі мен кірістердің азаюы байқалған жағдайда Қаржы министрлігінің бюджетті толықтырудың қосымша тетіктерін қалыптастырып, мемлекеттік қарыздың қауіпсіз параметрлерін қамтамасыз етуге тиістігін атап өтті.

«Негізінен, экономикадағы өсім Ұлттық қордың қаржысы есебінен қамтамасыз етілуде. Көптеген ұйымдар одан әрі игеру үшін қашан қаржы бөледі екен деп, қол жайып қарап отырады. Қаржы министрлігі бұл үдерісті шектеп, бақылауда ұстауға тиіс. Біз Ұлттық қорды ұлғайтуымыз қажет», – деп тапсырма берді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сондай-ақ, Б.Сұлтанов Мемлекет басшысына қаржылық тұрақтылықты сақтау, әлеуметтік міндеттемелерді орындау, тексерістерді қысқарту және кәсіпкерлік секторға түсетін ауыртпалықты азайту, мемлекеттік сатып алулар жүйесін жетілдіру, мемлекеттік аудит жүйесіне алдын алу шараларын енгізу жөнінде ведомство тарапынан жасалып жатқан қадамдар туралы баяндады.

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды