- Басты
- Жаңалықтар
- Орман шаруашылығы қызметкерлерінің еңбекақысы 25 пайызға артады
Орман шаруашылығы қызметкерлерінің еңбекақысы 25 пайызға артады
Н.Жүнісов айтып өткендей, аталмыш заң жобасы қарастыратын негізгі бағыттар – ауыл шаруашылығы, жануарлар әлемі мен ерекше қорғауды қажет ететін аймақтар.
«Заң жобасы Үкіметтің құзыретін жойылу қаупі бар өсімдіктерді алуға кеңейтті», - деді Н.Жүнісов.
Ол айтып өкендей, заң жобасы заңсыз ағаштарды кесу, мемлекеттік оран қоры аймағында ағаш кесінділерін сақтау сынды бағыттарды қарастырады.
«Орман шаруашылығына кадр тарту мақсатында 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап орман шаруашылығы қызметкерлерінің еңбекақысы 25 пайызға артады. Ескерілмеген ағашты айналымға енгізу арқылы орман қорына жіберу қарастырылған. ҚР аумағында сексеуіл ағашын дайындауға тыйым салынады», - деді Н.Жүнісов.
Сарапшы айтып өткендей, балық аулауды дамыту мақсатында табиғи су арналарын өзен-сауда жолына көшіру қарастырылған.
Сонымен қатар, заң жобасымен сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген өсімдіктер түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын алып қою туралы шешім қабылдауы және оларды алып қою мөлшерін бекіту бұрын болмаған мөлшерде шешім қабылдауға Үкімет құзыретіне нормамен толықтырулар енгізілді.
Орман қоры аумағында ағаштың заңсыз кесілуінен келтірілген залал мен мөлшерді есепке алу және анықталуын міндетті түрде есепке алу бойынша нормалар анықталуда. Бұл норма орман шаруашылығы қызметкерлері мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға табиғат заңнамаларының бұзылуында жедел әрекет жасауына мүмкіндік береді.
Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бағдарламасы аясында тауарлық балық шаруашылығын дамыту үшін кәсіпкерлік бастамаларды қолдау қарастырылды.
Бекіре, албырт және тұқы балықтарын өсіруге кеткен жем шығынының 30 %-н өтеу қарастырылуда.
Қайрат Жандыбаев
-
ҰЭМ: Қазақстан экономикасы 3 пайызға өсті -
Отандық құрылыс материалдары қанша пайызға қымбаттады -
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары қанша пайызға қымбаттады -
Әйелдердің ауыл мен ауыл шаруашылығын дамытудағы рөлі -
Балық шаруашылығын дамыту: Қолға алынған шаралар -
Павлодар облысының дамуы: Инвестиция, ауыл шаруашылығы және жол мәселелері -
Маңғыстау облысының дамуы: Туризм, ауыл шаруашылығы, инвестиция және ауыз су мәселесі -
Учаскелік инспекторлардың жалақысы 30%-ға артады -
17 мамыр - байланыс және ақпараттандыру қызметкерлерінің күні -
2025 жылға дейін еңбек нарығына қосымша 1 млн-ға жуық жалдамалы жұмыскер қажет болмақ -
«Бизнестің жол картасы – 2025»: бизнес өкілдеріне қандай қолдау көрсетіліп жатыр -
2021-2025 жылдарға арналған ӘЭДБ мен республикалық бюджетті нақтылау туралы Заң жобасы -
Ауылды дамыту: 2025 жылға дейін не өзгереді -
2021-2025 жылдары СҚО-ны қандай өзгерістер күтіп тұр -
Сот-сараптама реформалары: сот дәрігерлерінің еңбекақысы, мәйітхана ғимараттары мен жаңа Заң жобалары