- Басты
- Жаңалықтар
- Г.Әбдіхалықова «Ла Скала» театрының бас директорымен кездесті
Г.Әбдіхалықова «Ла Скала» театрының бас директорымен кездесті
Кездесудің басында Мемлекеттік хатшы Қазақстан терең әрі жүйелі жаңарулар кезеңін бастан өткеріп жатқанын атап өтті. Мемлекет басшысы мықты әрі жауапкершілігі жоғары ұлт болу үшін болашаққа қалай қадам басып, бұқаралық сананы қалай өзгерту керектігі жөнінде міндет қойды. Мұны орындау үшін қажетті басты шарт төл мәдениетті, дербес ұлттық кодты сақтау болып саналады.
Г.Әбдіқалықова Қазақстан Президентінің тапсырмасы бойынша «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» атты жобаның іске асырылатынын айтты. Мемлекеттік хатшы Елбасымыз бізді әлемнің қара алтынмен және сыртқы саясаттағы жобаларымызбен ғана емес, маңызды мәдени жетістіктерімізбен де тануға тиістігі жөнінде міндет қойғанына назар аударды.
Сондай-ақ, кездесуде опера және балет өнері саласындағы ынтымақтастықты дамыту, «Ла Скала» театрының Қазақстандағы және «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының Италиядағы гастрольдерін өткізу тәжірибесін өрістету мәселелері талқыланды.
Гүлшара Әбдіқалықова атап өткнедей, халықаралық «ЭКСПО-2017» мамандандырылған көрмесі аясында Қазақстан елордасында 1-10 қыркүйек аралығында тұңғыш рет Миландағы әйгілі «Ла Скала» театрының толық құрамдағы гастролі өткізіледі.
Мәдени бағдарлама аясында италиялық ұжым «Астана Опера» сахнасында Джузеппе Вердидің «Фальстаф» операсын ұсынады, сондай-ақ маэстро Зубин Метаның жетекшілігімен Людвиг ван Бетховеннің әйгілі шығармасы – №9 симфония орындалады.
Кездесу соңында Мемлекеттік хатшы Г.Әбдіқалықова А.Перейраға мықты денсаулық, мол игілік және зор шығармашылық табыс тіледі.
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді