- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстандық сенаторлар Жогорку Кенеш делегациясымен кездесті
Қазақстандық сенаторлар Жогорку Кенеш делегациясымен кездесті
Бұл екі ел депутаттарының осындай сипаттағы екінші кездесуі. Депутаттар Икрам Адырбеков, Нұртай Әбіқаев, Мұхтар Алтынбаев, Серік Жақсыбеков, Ляззат Киинов, Георгий Ким Қордай және Ақжол өткізу бекеттерінің жұмыстарымен де танысты.
Сенаторлар қырғыз әріптестерімен көші-қон, парламентаралық және шекаралық аймақтардағы ынтымақтастық, сауда-экономикалық әріптестік пен туризмді кеңейту мәселелерін талқылады. Қазіргі кезде екі елдің ынтымақтастық саласы 150-ден астам құжаттарды қамтитын келісім шарт-құқықтық базасымен бекітілген.
Жогорку Кенештің төрағасы А.Жээнбековтің 2015 жылғы маусымда Астанаға жұмыс бабындағы сапары аясында Қазақстан Парламенті мен Жогорку Кенеш арасындағы Парламентаралық Кеңес туралы келісімге қол қойылып, осы Кеңестің отырысы өткен болатын.
«Кеңес Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы өзара тиімді екіжақты байланысты нығайтуға, оның ішінде парламентаралық өзара іс-қимылды дамытуға жәрдемдеседі деп ойлаймын», - деді Д.Назарбаева.
Сенатор сондай-ақ екіжақты негізде де, халықаралық және аймақтық ұйымдар аясында да ортақ күш-жігерді үйлестірудің маңыздылығын атап өтті.
«ЕАЭО аясына біріге отырып, біз өзара тиімді ынтымақтастықтың жаңа деңгейіне шықтық. Екіжақты қатынастарды дамытудың оң қарқынын атап өтуге болады. Бұл ретте жоғары деңгейде қол жеткен барлық келісімдердің іске асуына қол жеткізу маңызды деп санаймын»», - деді Сенат комитетінің төрағасы.
-
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,5 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді -
Үкіметаралық келісім шеңберінде қазақстандықтар қай елдерде тегін оқи алады -
COVID-19: 4 млн-нан астам қазақстандық вакцина алды -
БҒМ: 330 қазақстандық шетелде тегін оқуға мүмкіндік алды -
Қанша қазақстандық коронавирусқа қарсы вакцина алды -
EdTech: Қазақстандық білім беру технологиялары форумына тіркелу басталды -
CFA Institute ® алғаш рет қазақстандық университеттің бағдарламаларын мойындады -
Халық санағында қазақстандықтар қандай сұрақтарға жауап береді -
Тоқаев ДДСҰ-ның Бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесуспен кездесті -
Шетелдегі қазақстандықтар үшін eGov.kz-те 5 жаңа қызмет қолжетімді