• Басты
  • Жаңалықтар
  • Павлодар облысында Индустрияландыру картасы бойынша 83 инвестжоба жүзеге асуда

Павлодар облысында Индустрияландыру картасы бойынша 83 инвестжоба жүзеге асуда

20 Желтоқсан, 2013 15:40
Бүгінгі таңда Павлодар облысында Индустрияландыру картасы аясында жалпы 912,3 млрд теңге сомасына 83 инвестициялық жоба жүзеге асуда, деп хабарлайды BNews.kz .

«Облыста Индустрияландыру картасы аясында жалпы 912,3 млрд теңге сомасына 83 инвестициялық жоба жүзеге асуда. Бұл 10 332 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. 2013 жылдың басынан бері аймақта инвестиция көлемі 39,2 млрд теңгеге 4 жоба енгізілді», - деді Н.Дычко.

Оның айтуынша, жыл соңына дейін облыста 37,4 млрд теңге сомасына 2 жоба енгізіліп, 358 жаңа жұмыс орны ашылады.

Барлық жаңалықтар