Павлодар облысында 13 мыңнан астам көшет отырғызылды

24 Сәуір, 2017 20:46
Павлодар облысында 13 мыңнан астам көшет отырғызылды, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Павлодар облысында жалпыөңірлік сенбілік шеңберінде «Жалпықазақстандық ағаш отырғызу күні» акциясы ұйымдастырылып, 13 мыңнан астам ағаш көшеттері отырғызылды.

Айта кету керек, Павлодар қаласы бойынша 131 аулаға жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 1 миллиард теңге бөлінді. Аймақ басшысы, егер мердігерлер жұмысты тез әрі сапалы түрде орындаса, жергілікті билік бұл жұмыстарға тағы да қосымша қаражат іздестіретінін айтты.

 

Барлық жаңалықтар