- Басты
- Жаңалықтар
- Н.Назарбаев Еуразия даму банкіне Қазақстанда несиені теңгемен беруді ұсынды
Н.Назарбаев Еуразия даму банкіне Қазақстанда несиені теңгемен беруді ұсынды
Кездесу барысында Мемлекет басшысына банктің қызметі, сондай-ақ оның бұдан әрі даму перспективалары мен басымдықтары туралы мәлімделді.
Нұрсұлтан Назарбаев Еуразия даму банкінің құрылу мақсатына, оның алдында тұрған бүгінгі міндеттерге тоқталып, интеграциялық жобаларды қаржыландырудың маңыздылығын атап өтті.
«Банктің негізгі құрылтайшылары Қазақстан мен Ресей болып саналады. Банк Еуразиялық экономикалық одақтың мүддесі үшін құрылды. Жұмыстың таңдалған бағыты дұрыс. Қазақстан жағдайында несиені көбіне теңгемен беру мүмкіндігін қарастыруды ұсынамын», – деді Мемлекет басшысы.
Сондай-ақ, Қазақстан Президенті Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер бастамашылық еткен шағын жобаларға несиені қоса қаржыландыру шартымен беру мәселесін қарастыруды ұсынды.
« Көлік-инфрақұрылым, су және аграрлық бағыттағы ортақ жобаларды қоса қаржыландыруға банктің мүмкіндігі бар. Бұл жобалар одаққа мүше барлық мемлекеттер үшін жұмыс істейтін болады. Мұндай жобалар ең алдымен оларды ұсынатын Еуразиялық экономикалық комиссияның жұмысына байланысты болмақ», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Д.Панкин Қазақстан Президентіне жаңа жобалар жөніндегі шарттардың жасалу барысы туралы, сондай-ақ банктің несиелік қорының ахуалы, оның өткен жыл қорытындысы бойынша айтарлықтай артқаны жөнінде баяндады.
-
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті