• Басты
  • Жаңалықтар
  • Астанада халыққа мемлекеттік қызметтер ұсынуды жетілдіру мәселесі талқыланды

Астанада халыққа мемлекеттік қызметтер ұсынуды жетілдіру мәселесі талқыланды

24 Сәуір, 2017 16:34
ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев халыққа мемлекеттік қызметтер ұсыну үдерістерін жетілдіру жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлады primeminister.kz.

Кеңес барысында «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы арқылы мемлекеттік қызметтер көрсету үдерістеріне жаңа технологиялар енгізу мәселелері талқыланды.   

Сонымен, мерзімдерді және құжаттар тізімін қысқартып, қайталанатын рәсімдерді жойып, міндетті жеке қатысуынсыз электронды форматқа көшіру қажет. Осындай бағыттардың бірі қызмет алушының қатысуынсыз проактивті қызмет көрсетулерге көшу болуы тиіс.

Халыққа мемлекеттік қызметтер ұсыну үдерістерін жетілдіру ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауын іске асыру аясында жүргізіледі.

Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында мемлекеттік қызметтер көрсету үдерістері барынша оңтайландырылуы тиіс екенін атап өтті. 

Барлық жаңалықтар