- Басты
- Жаңалықтар
- 2017 жылы Қорғаныс министрлігі әскери дайындық бойынша 3 байқау өткізеді (ФОТО)
2017 жылы Қорғаныс министрлігі әскери дайындық бойынша 3 байқау өткізеді (ФОТО)
Сәкен Жасұзақов айтып өткендей, Қазақстан жауынгерлерінің әскери дайындықтары жоғары деңгейде екендігі әскери жарыс, халықаралық ойындар мен тактикалық оқу-жаттығуларда байқалады.
«Өткен жылы 2016 жылғы әскери ойындар аясында біздің командалар Артиллериялық оқ, Мергендік рубеж сайыстарында бірінші орын алды. Жалпы есепте 19 қатысушы елдің ішінде Қазақстан құрамы жүлделі екінші орынды иеленді», - деді ведомство басшысы.
Қазіргі таңда министрлік аталмыш үш байқауды өткізуге дайындалып жатыр.
«Бөлімшелердің әскери дайындығы бейбіт кезде жоспарлы оқу-жаттығулар кезінде тексеріледі. Сондай-ақ, жоспарсыз полигонға шығып, оқу-жаттығу талаптарын орындау арқылы да тексеруге болады. Кенеттен тексеріс соңғы рет Жоғарғы Бас қолбасшының тапсырмасымен бекітілген жоспар бойынша өткізілген болатын», - деді С.Жасұзақов.
Үкіметтік отырыста Қорғаныс министрлігі ҚР Қарулы Күштерінің арнайы көрмесін өткізген болатын.
Айта кетейік, бүгінде ҚР Қарулы күштерін қарулы әскери техникамен жабдықтау 92% құрап отыр. Сонымен қатар барлық қарулы күштерге жаңа техникалар келіп түсуде.
Жоғары әскери дайындық пен қауіпсіздікті қажетті деңгейде ұстап тұру, құрылыс пен әскери күштерді дамытудың кепілі әскерилерді жаңғыртылған әскери техникамен қамту, сондай-ақ, жоғары білікті мамандармен қамтамасыз ету арқылы жүзеге асырылады.
Ақбота Күзекбай
Фото: автор
-
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
«Ónerpaz bolsań…» атты байқауға өтініш қабылдау басталды -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды -
Халық санағына дайындық жұмыстары қалай жүргізілуде -
Жем-шөппен қамту және егін жинау науқанына дайындық мәселелері -
Сенсорлық интеграция бойынша жаттықтырушыларды оқыту басталды -
Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр