• Басты
  • Жаңалықтар
  • Астанада ҚР Президентінің қатысуымен өтетін жалпыұлттық телекөпір басталды

Астанада ҚР Президентінің қатысуымен өтетін жалпыұлттық телекөпір басталды

20 Желтоқсан, 2013 15:15
Тәуелсіздік сарайында Қазақстанның Президенті Н. Назарбаевтың қатысуымен өтетін телекөпір 2013 жылдың инвестициялық жобаларының тұсаукесеріне арналған.

Үдемелі индустриялды-инновациялық даму бағдарламасы бойынша жүзеге асқан жобалардың тұсаукесері индустрияландыру күні өтуде.

 «Индустрияландыру күні» барысында Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында 2013 жылы пайдалануға берілген инвестициялық жобалардың ашылуына арналған Жалпыұлттық телекөпір өтеді. Телекөпір барысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев тікелей эфирде жұмыс істеп жатқан кәсіпорындардың жұмысымен танысып, жаңа 10 жобаны іске қосуға рұқсат береді. 

Жаңадан қосылатын жобалар: Шымкент-Түркістан жолы, Түркістан қаласын газбен қамтамасыз ету жобасы, Алматы қаласындағы Қапшағай күн электр стансасы, Алматы облысындағы Жаркент крахмал-сірке зауыты, Қарағанды облысында темір-бетон бұйымдарын өндіру, Қостанай қаласындағы сұрыпты болат илеу зауыты, «Химфарм» АҚ-ның жаңа өндірістік қуаттары, Павлодар облысындағы күйдірілген анодтарды шығару зауыты, Маңғыстау облысында жол битумын өндіру зауыты, ШҚО-дағы фотоэлектр пластинкаларын шығару зауыты.

ҮИИД МБ аясында 2013 жылы пайдалануға берілген инвестициялық жобалардың ашылуына арналған жалпыұлттық телекөпір, ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығының лауреаттары мен «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-конкурсының дипломаттарын және ҚР Президентінің «Парыз» сыйлығының лауреаттарын салтанатты марапаттау рәсімі болады.

Барлық жаңалықтар