• Басты
  • ОҚО-да 123 көпқабатты тұрғын үй жөндеуден өтеді
24 Сәуір, 2017 11:38

ОҚО-да 123 көпқабатты тұрғын үй жөндеуден өтеді

Оңтүстік Қазақстан облысында биыл «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы» аясында 123 көпқабатты тұрғын үйде жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
ОҚО-да  123 көпқабатты  тұрғын үй жөндеуден өтеді

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі  хабарлағандай,  98 көпқабатты тұрғын үйде жөндеу жұмыстары жүріп, жыл соңына дейін аяқталады.

Атап айтсақ, аталған бағдарламамен Шымкент қаласында - 21 үй,  Кентауда - 37 үй,  Арыста - 9 үй, Сарыағашта - 13 үй,  Шардарада - 8 үй, Мақтаралда - 10 үй.

Бағдарламаның шарттары бойынша күрделі жөндеуді жүргізу нәтижесінде жылу тұтынуды үнемдеуді, тұрғын үйдің инженерлік-инфрақұрылымын жаңғыртуды, тұрғындарға қолайлы жағдай жасауды көздейді.

Жалпы Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша 3152 көпқабатты тұрғын үй бар. Ол үйлердің басым бөлігі 1934-1990 жылдары салынуына байланысты тозу деңгейі өте жоғары. Бүгінгі таңда облыс бойынша 1393 көпқабатты тұрғын үй күрделі жөндеуді қажет етеді.

«Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы» бойынша 2011-2015 жылдары, яғни бес жыл ішінде республикалық бюджет есебінен облыстың 9 аудан, қалаларында 188 көп қабатты тұрғын үй күрделі жөндеуден өткен.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды