- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан мен Қырзғызстан СІМ басшылары ОА-да су ресурстарын пайдалану мәселесін талқылады
Қазақстан мен Қырзғызстан СІМ басшылары ОА-да су ресурстарын пайдалану мәселесін талқылады
Қырғыз сыртқы саяси ведомствосының басшысы Шанхай ынтымақтастық ұйымының Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысына қатысу үшін Астанаға келді.
«Қазақстан үшін Қырғызстан – стратегиялық әріптес және одақтас. Бүгін елдеріміз арасындағы екіжақты ынтымақтастық дамуының қарқынды үдерісі байқалуда», – деді Қ. Әбдірахманов сұхбат басында.
Кездесу барысында министрлер қазақстан-қырғыз күн тәртібінің өзекті мәселелерін конструктивті және сенімді сипатта қарастырды.
Орталық Азиядағы су ресурстарын тиімді пайдалану мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Сұхбаттасушылар шекаралас ынтымақтастығын кеңейту және екі ел азаматтарының қатынасуы мен өзара сапарлар үшін жағымды жағдайлар жасау бойынша бірлескен жұмысты жандандыруға келісті.
Сондай-ақ, сыртқы саяси ведомстволар басшылары Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі өзара іс-қимыл мен 14 сәуірде Бішкекте өткен Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында мемлекет басшылары арасында қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру мәселелерін талқылады.
Сонымен қатар, тараптар Орталық Азияның ортақ мүдделерін жылжыту бойынша соның ішінде Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі 2017-2017 жж. мүшелігі мәнмәтінде үйлестіруді жалғастырудың мәнділігін атап шықты.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы