- Басты
- Жаңалықтар
- Жамбыл облысы мен Гилян провинциясы 20 млрд теңгенің бірқатар меморандумына қол қойды
Жамбыл облысы мен Гилян провинциясы 20 млрд теңгенің бірқатар меморандумына қол қойды
Іссапар барысында аймақ басшысы Гилян провинцияссының губернаторы М. Наджафимен кездесіп, өңірлер арасындағы өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, сауда - экономикалық, рухани-мәдени байланыстарды нығайту бойынша әңгімелесті.
Сондай-ақ, басқосуда кәсіпкерлік, сауда-саттық, ауыл шаруашылығы салаларын қамтитын екіжақты әріптестік жөніндегі меморандумға қол қойылды.
Жалпы экономикалық талдау көрсеткендей, Жамбыл облысының Иран Ислам Республикасымен тауар айналымы 2016 жылы 919 мың АҚШ долларын құрап, 2015 жылмен салыстырғанда 7 еседен астам ұлғайды. Ал, оның ішінде ауыл шаруашылығы өнімдерінің тауар айналымы 802,5 мың АҚШ долларына жетті, экспорт көлемі 780,7 мың АҚШ долларын, импорт 21,8 мың АҚШ долларын құрады.
Негізі Жамбыл облысы арқылы Иранға пияз, кептірілген жасымық пен бидай экспортталса, біздің аймаққа Ираннан құрма, құрылыста пайдаланатын заттар, резеңке бұйымдары, тоқыма материалдары, шыны ыдыстар, қара металлдан әзірленген бұйымдар, радиаторлар, электр шамдар және басқа халық тұтынатын тауарлар импортталған.
Сондай-ақ, Иран елінен жалпы көлемі 62,2 тоннаны құрайтын құрма, авокадо, манго, гарциния секілді жемістер жеткізілген. Бүгінгі күнге аймақта мақсарыны қайта өңдеу және оның майын өндіру бойынша «ҚазИрАгро» серіктестігімен бірлескен құны 5,7 млн. АҚШ долларын құрайтын жоба іске асырылды.
Сондай-ақ облыста, Халал стандартына сай жоғары технологиялы ет өнімдерін өндіретін «Оңтүстік Халал Тағамдары» ЖШС-і жұмысын бастады. Кәсіпорын бүгінде ет өнімдерін Кувейт және Біріккен Араб Әмірліктеріне экспорттауды бастады.
Иран Ислам Республикасының Гилян провинциясына жұмыс сапарымен барған делегация құрамында облыс әкімінің орынбасары, аудан әкімдері, басқарма, жоғары оқу орны мен бірқатар ірі, орта кәсіпорындар, шаруа қожалықтардың басшылары және Іскер әйелдер қауымдастығының өкілдері бар.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері