- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан Елшісі Ливан Президентіне сенім грамоталарын тапсырды
Қазақстан Елшісі Ливан Президентіне сенім грамоталарын тапсырды
Кездесу барысында отандық дипломат М. Аунға ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың ілтипатын жеткізіп, Қазақстандағы қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдай, сондай-ақ еліміздің ауқымды халықаралық бастамалары жөнінде хабардар етті. Сондай-ақ А. Бердібай Ливан Президентінің ү.ж. 10-11 қыркүйекте Астанада өтетін Ислам ынтымақтастығы ұйымының Білім және технологиялар жөніндегі бірінші саммитіне қатысуына сенім білдіріп, Қазақстан-Ливан қарым-қатынастарын нығайту және ілгерілету шараларымен таныстырды.
Ливан Президенті достық және өзара сенімге негізделген байланыстарды дамытуға бағытталған барлық бастамаларды қолдайтынын қуаттады.
Елші А. Бердібайдың Бейрут қаласына жасаған сапары шеңберінде Ливанның Сыртқы істер министрі Джубран Басиль және СІМ-нің Бас хатшысы Шарбель Уахбемен кездесулері өтті.
Сұхбат аясында тараптар Ливан Прездентінің ИЫҰ Ғылым және технологиялар саммитіне қатысу, екі елдің сыртқы істер министрліктері арасында саяси консультациялар өткізу, екіжақты қатынастардың шарттық-құқықтық базасын кеңейту, мүдделі министрліктер мен ведомствалар арасында өзара сапарлар ұйымдастыру мүмкіндіктері жөнінде пікір алмасты.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру