- Басты
- Жаңалықтар
- ТНК құбыр арқылы мұнай айдау ісін қалпына келтірді
ТНК құбыр арқылы мұнай айдау ісін қалпына келтірді
Компания хабарлағандай, мұнай тасымалдау жүйесіне техникалық қызмет көрсету және Кеңейту жобасы аясында құрылысы салынған жаңа объектілерді қосу жұмыстары жүргізілді. Бұл іс-шаралар магистральдық мұнай құбырының барлық объектілерінде, оның ішінде мұнай айдау станциялары (МАС) мен Теңіз терминалында жүргізілді.
Қазақстан Республикасында жаңадан салынған А-МАС-3А станциясын магистральдық мұнай құбырына қосу жұмыстары орындалды. Оның алдында МАС құрамындағы барлық қосалқы объектілер қауіпсіздік жөніндегі тексеруден сәтті өткізілді.
«Атырау» МАС-та ControlNet желілік басқару жүйесінің коаксиалдық сегменттерін кешенді қайта құру жүргізілді. Бұл жүйе КҚК-да 2001 жылдан бері қолданылуда, ол МАС пен КҚК Бас басқару орталығы (ББО) арасында негізгі және қосалқы технологиялық жабдықтардан ақпарат және басқару командаларын кепілді түрде жеткізу үшін арналады. ControlNet желісінің аппараттық және бағдарламалық қамтуына жүргізілген қайта құру МАС-тарды басқарудың сенімділігін арттыруды және бүкіл құбыр жүйесін пайдалану қауіпсіздігінің деңгейін көтеруді мүмкін етеді.
Ставрополь өлкесінде МАС-4-ті ММҚ-ға жалғау торабында үйкелуге қарсы қоспаны енгізу жүйесін қосу және оны магистральдық мұнай құбырын басқару жүйесіне біріктіріп енгізу орындалды.
КҚК барлық аймақтарында ММҚ желілік бөлігінде магистральдық шарлы кран рұқсатсыз жабылғанда гидросоққыдан қорғау жүйесінің автоматты әрекетін басқару логикасы тексерілді.
КҚК Теңіз терминалындағы Резервуарлар паркінде тазартқыш құрылғылар жүйесінің сапаны бақылау блогындағы газ анықтау жүйесінің басқару логикасы әзірленіп, тестілеуден өткізілді.
КҚК мұнай тасымалдау жүйесін кеңейту аясында іске қосылған жаңа МАС-тардың барлық өткізу тораптарында құбырішілік тазартқыш және диагностикалық құрылғыларды автоматты түрде өткізу жұмысының логикасы тестілеуден өткізілді.
Жылдық бағдарламаны орындау шеңберінде ҚР «Теңіз» және «Атырау» МАС-тарында, РФ «Астраханская» және «Комсомольская» МАС-тарында жалпы саны 5 шарлы кран ауыстырылды.
-
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Д.Абаев: Алтын Орда қалалары қайта қалпына келтіріліп, тарихи-материалдық кешен құрылады -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
Коронавирустан кейін денсаулықты қалай қалпына келтіру қажет -
Тауар нарығындағы теңгерімсіздік, инфляция және мұнай бағасының төмендеуі -
Мұнай-газ өндіру мәселелері -
ҚТЖ: Астық, көмір, мұнай және шөп тасымалдау мәселелері -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы -
Мүмкіндігі шектеулі жандар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 150 мыңнан астам қызмет алды -
ТЖМ: шомылу маусымы, Риддердегі өрт пен Алматыдағы жер сілкінісінің алдын алу -
Қазақстан және әлем экономикасы қайта қалпына келе бастады -
Олжас Байділдинов: Бензин бағасының өсуі – әлемдік тенденция -
Тауарларды мемлекеттік стандарттау жүйесі: өнімдерге сертификат алу тәртібі, «халал» белгісін алу -
Энергетика министрлігінің алқа жиыны: Мұнай саудасы, уран өндірісі, электр энергиясының өнімділігі