- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Президенті ШЫҰ саммитін өткізудің маңыздылығын атап өтті
ҚР Президенті ШЫҰ саммитін өткізудің маңыздылығын атап өтті
Кездесуге Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Қ.Әбдірахманов, Қытай Халық Республикасының Сыртқы істер министрі Ван И, Қырғыз Республикасының Сыртқы істер министрі Э.Абдылдаев, Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі С.Лавров, Тәжікстан Республикасының Сыртқы істер министрі С.Аслов, Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрі А.Камилов, Шанхай ынтымақтастық ұйымының бас хатшысы Р.Алимов, Шанхай ынтымақтастық ұйымының Өңірлік антитеррористік құрылымының атқару комитетінің директоры Е.Сысоев, Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық мәселелер жөніндегі көмекшісі Н.Онжанов қатысты.
Қазақстан Президенті құттықтау сөзінде ұйымның Астанадағы саммиті қарсаңында Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің сыртқы істер министрлері кездесуі өтуінің маңыздылығын атап өтті.
«Шанхай ынтымақтастық ұйымына төрағалық етуші ел ретінде біз биылғы маусым айында өтетін саммитке зор мән беріп отырмыз. Ұйымға біздің төрағалығымыз өңірдегі және әлемдегі қиын үдерістер кезеңімен тұспа-тұс келді», – деді Мемлекет басшысы.
Нұрсұлтан Назарбаев Шанхай ынтымақтастық ұйымының күн тәртібіндегі бірқатар мәселеге тоқталып өтті. Бұл ретте Шанхай ынтымақтастық ұйымының қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастығы тұжырымдамасын бекіту жұмыстарын жандандыру, ұйымның экстремизмге қарсы тұру жөніндегі конвенциясына қол қою және осы туралы мәлімдеме мен ұйымға мүше мемлекеттердің нашақорлыққа қарсы күрес стратегиясын қабылдау мәселелері қамтылды.
«Шанхай ынтымақтастық ұйымы аясындағы экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың маңызы зор. Алдағы саммиттің күн тәртібіндегі өзекті мәселелердің бірі ретінде Үндістан мен Пәкістанды Шанхай ынтымақтастық ұйымының толыққанды мүшелігіне қабылдау үрдісін аяқтау туралы шешім жөнінде де айтып өткен жөн. Сондай-ақ, келешектегі жоспарларымызды айқындайтын Астана декларациясын қабылдауды көздеп отырмыз», – деді Қазақстан Президенті.
Фото: akorda.kz
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Елордада құтқарушылар күні атап өтілді -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
ШЫҰ-ға 20 жыл: Тұрақтылық пен өркендеу жолындағы ынтамақтастық -
Дін істері комитетінің төрағасы діни бостандықтың халықаралық саммитіне қатысты -
Карантин жағдайында Құрбан айт қалай атап өтіледі -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы -
ҚР экологиясы: Ауаның ластануы, қоқыс жағатын зауыттар мен су мәселесі -
ҚР экономикасы: Бес айда не өзгерді -
Елордада «Адамзатқа қызмет ететін ғарыштық технологиялар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті -
ТЖМ: шомылу маусымы, Риддердегі өрт пен Алматыдағы жер сілкінісінің алдын алу -
Мәжіліс отырысы: қашықтан жұмыс істеу, фeльдъeгepлік байланыс және жер қатынастары туралы Заңдар