- Басты
- Жаңалықтар
- Нысандар уақытылы тапсырылуы керек – ҚР Президенті (ФОТО)
Нысандар уақытылы тапсырылуы керек – ҚР Президенті (ФОТО)
«Дүниежүзілік ЭКСПО көрмесіне қатысты барлық проблемаларды шешу керек. Нысандардың көп бөлігі аяқталған, пайдалануға дайын. Конгресс орталық пен қонақ үйлерде құрылыс жұмыстары жалғасуда. Нысандар уақытылы тапсырылуы керек», - деді Елбасы.
Президенттің айтуынша, астаналық мәдениетті жоғары деңгейге көтеру керек.
«Қонақтардың әсері әуежайға түскеннен бастап қалыптасады. Оларды әуежайда, вокзалдарда қарсы алу деңгейі қандай. Нысандардың барлығы таза болуы керек. Темір жол вокзалында тамақтанатын орындар қалай қарсы алды, оларға қызмет көрсету деңгейі ескеріледі. Бұның барлығы ұсақ-түйек нәрсе емес. Бұл Астананың барлық сауда нүктелеріне қатысты. Елорданың мәдениетін көтеру керек», - деді Президент.
Осы орайда Президент барлық органдарға ЭКСПО-2017 ұйымына қатысты кедергілерді шеттетуді тапсырды.
Сондай-ақ, логистика мәселесі ерекше бақылауға алынды.
«Астана, Қарағанды, Көкшетау қалаларының әуежайлары резервте тұруы керек, ол жерде тәртіп болғаны дұрыс. Автокөліктердің ағыны да күшейеді. Облыстардан көлік ағыны айтарлықтай көп болады. Астанаға әкелетін жолдардың жағдайын қамтамасыз ету керек», - деп Елбасы Инвестициялар және даму министріне қарата айтты.
Н.Назарбаев айтып өткендей, ЭКСПО-ны күн сайын 30-дан 120 мың адамға дейін тамашалйды.
Астанада Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Халықаралық мамандандырылған «Астана ЭКСПО-2017» көрмесіне дайындық барысы бойынша кеңес өтіп жатыр.
Ақбота Күзекбай
Фото: Бауыржан Жуасбаев
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Бақытжан Мәуленбердиев: Құтқарушы ең алдымен ержүрек әрі батыр болу керек -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Қажырлы қаламгер – Қалмұқан Исабаев -
Тоқаев: Өңірлердегі денсаулық сақтау нысандарының жай-күйі көңіл көншітпейді -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
Жаңа қаулы: Вакцинаны кімдер және қашанға дейін алу керек -
Отанға мінсіз қызмет ету – борышымыз -
М.Әбенов: Жер тек жұмыс істеймін деген азаматқа ғана жалға берілу керек -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы -
Коронавируспен ауырғандар қанша уақыттан кейін вакцина алуы керек