- Басты
- Жаңалықтар
- ЭКСПО-2017 жарнамасын әлемдік телеарналардан көрсетіп жатыр
ЭКСПО-2017 жарнамасын әлемдік телеарналардан көрсетіп жатыр
Бұдан бөлек, сыртқы жарнама Париж, Вена, Сеул, Бейжің, Лондон сынды қалалардың көшелерінде таныстырылды.
«Аталмыш жұмыстың нәтижесінде Қазақстан алғаш рет Нью-йорк Таймс нұсқасының 2017 жылы баруға кеңес берілетін елдердің топ-52 рейтінгіне қосылды», - деді А.Есімов.
«Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» төрағасының айтуынша, қатысушылардың назарына халықпен тиімді жұмыс істеу орындары ұсынылды.
«Өңірлердегі жұмыс та белсенділей түсті, 2 млн турист және 5 млн көруші келмек. Бүгінде 930 мың билет сатылды, оның ішінде белсенді жұмыс істеп жатқан ОҚО, Қарағанды облысы, ШҚО, Жамбыл облысы, Астана және Алматы қалалары. Сондай-ақ, билеттер 44 елде сатылуда, көрме қатысушыларына арналған ауқымды мәдени шаралар дайындалуда», - деді Есімов Президентке.
ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен әкімдік ұлттық компаниямен бірігіп шараны өткізу бойынша үшжақты кешендік жоспар әзірледі.
«Демеушілермен жүргізіліп жатқан жұмысты айтатын болсақ. Бүгінгі таңда демеушілердің қаражаты 38,5 млрд теңгені құрап отыр, оның 22, 8 түскен қаражат, 15,7 тауар мен қызметтен түсті. Серіктестер мен демеушілерді тарту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Билеттерді сату мен демеушілерді тартудан басқа, ұлттық компания қызмет көрсетуді коммерциаландыруды бастады. Осы сынды түсімдер мен шығын, кірісті санағанда ұлттық компания мемлекетке 25 млн теңгені қайтаруды жоспарлап отыр», - деді А.Есімов.
Айта кетейік, ҚР Президентіне қала әкімі Әсет Исекешев те есеп берді.
Астанада Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Халықаралық мамандандырылған «Астана ЭКСПО-2017» көрмесіне дайындық барысы бойынша кеңес өтіп жатыр. Шарада қала әкімі Әсет Исекшев те есеп берді.
Ақбота Күзекбай
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Көлеңкелі экономикамен күрес: Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр -
Цифрландыру: Елімізде IT-индустриясы қалай дамып жатыр -
Дәстүрлі форматта оқу процесі қалай өтіп жатыр -
Елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының отырысы өтіп жатыр -
«Ақын» фильмінің әлемдік тұсаукесері Токиода өтеді -
Индустрияландыру картасы шеңберінде қандай жобалар жүзеге асып жатыр -
А.Балаева: «Astana Media Week» - әлемдік медиа мамандарын біріктіретін жоба -
COVID-19: Әлемде халықты вакциналау қалай жүріп жатыр -
Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр -
Ауыл әкімдерін сайлау қалай өтіп жатыр -
30 жыл: «Қайырымды істер марафоны» аясында қандай іс-шаралар атқарылып жатыр -
Инфекционист: БҚО бойынша вакциналау қарқыны жоғары деңгейде жүріп жатыр -
Студенттер жатақханасындағы орын тапшылығы: Мәселе қалай шешіліп жатыр