- Басты
- Жаңалықтар
- Астана 2 млн-нан астам туристі қабылдауға дайын – әкім
Астана 2 млн-нан астам туристі қабылдауға дайын – әкім
«Жасыратыны жоқ, Астана әкімдігі үшін басты міндеттердің бірі ЭКСПО көрмесіне қаланы дайындау. Әкімдік жанынан штаб құрылды, барлық шаралар мерзімге сай жүргізілуде. Біріншісі – қонақтарды күтіп алу және жайғастыру. Жалпы, елорда 2 млн-нан астам туристі қабылдауға дайын. Әкімдік жанынан брондау бөлімі құрылды, олар аймақтармен жұмыс істейді», - деп хабарлады Ә. Исекешев.
Қоғамдық тамақтану пунктілері туралы айтатын болсақ бізге 110 мың отыратын орын керек. Бүгінде 850 тамақтану пункттері бар және олар 116 мың отыратын орынды қамтамасыз етеді.
«Қаланы азық-түлікпен қамтамасыз ету мәселесі де шешілді. Біз азық-түлік өнімдерін пайдалану осы үш айда 20-30% артады және 160 мың тоннаны құрайды деп күтіп отырмыз. Біз аймақтар жәрмеңкесінің кестесін бекіттік», - деп толықтырды әкім.
Сонымен қатар әкімнің хабарлауынша, спорттық-мәдени бағдарлама құрастырылды.
Айта кетерлік жайт, 2016 жылдың қорытындысы бойынша Астанадағы жалпы өнім көлемі 5 трлн теңгеден асып, 3,7% өсімді көрсетті. Инвестиция көлемі 840 млрд теңгені құрады. Осы ретте жеке инвестициялар үлесі 60-тан 74%-ға дейін артты. Жұмыссыздық деңгейі 4,6%, құрады, бұл еліміз бойынша ең төменгі көрсеткіш. Өткен жылдың ішінде 19 мың жұмыс орны ашылды, оның 75% шағын және орта бизнес саласына тиесілі. Ал, мемлекеттік бюджетке түсім 1 трлн 64 млрд теңгені құрады.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Халықаралық мамандандырылған «Астана ЭКСПО-2017» көрмесіне дайындық барысы бойынша кеңес өтіп жатыр. Президент өз сөзінде Астана жаһандық шараларды өткізетін дәстүрлі орынға айналды деп атап өтті.
Ақбота Күзекбай
-
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
Ірі салық төлеушілерді салықтық әкімшілендіру ерекшеліктері мен нәтижелері -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Тоқаев: Қазақстан медиа және креативті индустрия саласында бірлескен жобаларды іске асыруға дайын -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
А.Ракишева: Ең төменгі жалақының артуы азаматтардың жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді -
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Жолдау-2021: Салықтық әкімшілендіруді күшейту шаралары