Астанада «Алтын сапа» сыйлығының лауреаттары анықталды

20 Желтоқсан, 2013 14:32
Бүгін, 20 желтоқсанда Астанада «Алтын сапа» сыйлығының жеңімпаздары анықталды.

Индустрияландыру күнін өткізу аясында сыйлық жеңімпаздары анықталды. «Өндірістік бағыттағы үздік кәсіпкерлік» номинациясын «Нефтехим LTD» ЖШС (Павлодар облысы) және «Мембрандық технологиялар» ЖШС кәсіпкерліктерінің субъектілері ұтып алды.

«Халыққа тауар шығаратын үздік кәсіпкерлік» номинациясына Оңтүстік Қазақстан облысынан «Химфарм» ЖШС мен БҚО-нан «Кублей» ЖШС лайық деп танылды.

«Қызмет көрсететін үздік кәсіпкерлік» номинациясын Астана қалалық «ҚазТрансГазАймақ» АҚ мен «Республикалық ғылыми нейрохирургиялық орталығы» АҚ иеленді.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Астанада Мемлекет басшысының қатысуымен «Индустрияландыру күндері» өтіп жатыр.

«Алтын сапа» сыйлығы жыл сайын тауар мен қызмет сапасының үздік ұсынушыларына табысталады.

2013 жылы сыйлық 3 номинация бойынша марапатталуда: «Өндірістік бағыттағы үздік кәсіпкерлік», «Халыққа тауар шығаратын үздік кәсіпкерлік», «Қызмет көрсететін үздік кәсіпкерлік». Бұлардың әрқайсысында екі жеңімпаздан анықталған. Бірі шағын және орта кәсіпкерліктен болса, енді бірі ірі кәсіпкерлік атынан марапатталуда.

Барлық жаңалықтар