- Басты
- Жаңалықтар
- Мәжілісте өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері туралы заң жобалары қаралады
Мәжілісте өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері туралы заң жобалары қаралады
Мәжілістің баспасөз қызметі хабарлағандай, депутаттар назарына жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері бойынша заң жобасы екінші оқылымда ұсынылмақ.
Сондай-ақ, осы күні бірқатар ратификациялық заң жобалары талқыланатын болады. Олар 1996 жылғы 18 қазандағы Ресеймен теміржол көлігі кәсіпорындарының, мекемелері мен ұйымдарының қызметін құқықтық реттеудің ерекшеліктері туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы үкіметаралық хаттаманы және Қырғыз Республикасымен реадмиссия туралы келісімді және оны іске асыру тәртібі туралы үкіметаралық атқару хаттамасын ратификациялауға қатысты болмақ.
Жалпы отырыста Қырғыз Республикасымен еуразиялық экономикалық интеграция жағдайында экономикалық ынтымақтастықты дамыту туралы үкіметаралық келісімді, Сербиямен сотталған адамдарды беру туралы және ұстап беру, сондай-ақ, қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек туралы шарттарды ратификациялауға байланысты заң жобалары бойынша бейінді комитеттерге қорытынды әзірлеу мерзімі тағайындалатын болады.
Бюро отырысында 3-5 мамырда Солтүстік Қазақстан облысында Қаржы және бюджет комитетінің көшпелі отырысын өткізу туралы мәселе де назардан тыс қалмады.
-
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
Өңірді дамытудың өзектілігі -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Цифрлы экономиканы дамытудағы деректерді өңдеудің өзектілігі -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
Есірткі қылмысымен күрес: зерханаларды жабу, сайттарды бұғаттау және заңсыз жарнамалау мәселелері -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары