- Басты
- Жаңалықтар
- Астана жаһандық кездесулер мен шараларды өткізудің орталығына айналды – ҚР Президенті
Астана жаһандық кездесулер мен шараларды өткізудің орталығына айналды – ҚР Президенті
«Астана қаласы жыл санап дамуда. Бұл – мемлекеттің мақсаты. Оны жүзеге асырып жатырмыз. Соңғы бес жылда Астанадағы өңірлік өнім үш есеге өсті. Бұл кезеңде елордаға 4,5 трлн теңге инвестиция құйылды. Астананың экономикадағы үлесі 12 пайызға көтерілді. Біз Қазақстанды тағы бір қалаға байыттық», - деді Мемлекет басшысы.
Н.Назарбаев айтып өткендей, экономикадағы шағын және орта бизнестің үлесі 46 пайызды құрады.
«Бұл өзге өңірлер көрсеткіштері арасындағы ең жоғарғы деңгей. Астана миллион тұрғыны бар қалаға айналды. Өткен жылы 2,3 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Астана БҰҰ қамтамасыз ету деңгейіне сәйкес дамуда. Қала жаһандық кездесулер мен шараларды өткізудің орталығына айналды. Әлемге танылды», - деді Президент.
Президенттің айтуынша, 9 маусымда ЭКСПО-2017 көрмесінің салтанатты ашылуы өтеді.
«Мен жаңа ғана құрылыс нысандарын аралап шықтым, дайындық өте жоғары деңгейде екен. Жұмыстар аяқталуға жақын, абаттандыру, нысандарды қамсыздандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Көрмені жоғары деңгейде ұйымдастыру тәуелсіз Қазақстанның жетістігін әлемге тағы бір рет паш етеді», - деді Президент.
Ақбота Күзекбай
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді