- Басты
- Жаңалықтар
- ОҚО-да пиязды кептіру цехі іске қосылады
ОҚО-да пиязды кептіру цехі іске қосылады
Цехтың құрал-жабдықтарын «Оңтүстік» Аймақтық инвестициялық орталығы арқылы лизингке сатып алмақ. Кәсіпорынның ерекшелігі – нарықта сұранысқа ие болмауы салдарынан қалдыққа айналған, даладан жинап алуға да жарамай қалған өнімдерді кептірумен айналысуында.
Енді диқандар пияздарын нарыққа шығарумен қоса, олардың жарамайтындарын «Март» ЖШС-не жеткізіп беру арқылы, қалдықсыз әрі қосымша пайдамен жұмыс істеу мүмкіндігіне ие болады. Оған қоса, шаруалардың бірігіп жұмыс жасауының арқасында кооператив құрылып, кіші шаруа қожалықтары ірі кәсіпорынға айналады.
Айта кету керек, Ордабасы ауданындағы диқандардың негізгі бөлігі пияз өсірумен айналысады. Осыған орай ауданда «ОҢТҮСТІК» АИО өкілдері кооператив құруға ниетті шаруалардың басын қосып, семинар-тренинг өткізді.
Өз кезегінде «Оңтүстік» АИО Басқарма басшысының орынбасары Дәулет Мамыров кооператив арқылы біріге жұмыс жасаған шаруаларға мемлекет тарапынан көптеген жеңілдіктер мен несие алудың жолдарын түсіндіріп берді.
«Кооперативтерді қаржыландыру бізде басым бағыт ретінде қаралып отыр. Егер бірігуге ниетті шаруа қожалықтары болса, бізден кеңес алуына болады. Сондай-ақ біздің орталық бизнес жоспар әзірлеу, құжат жинау секілді маңызды шаруаларға қол ұшын бере алады»,- деді Дәулет Мамыров.
Сондай-ақ, сөзге шыққан кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының маманы ауыл шаруашылық кооперативтерін құрудың негізгі артықшылықтарына тоқталып, ой бөлісті.
-
Тоқаев: Қазақстан медиа және креативті индустрия саласында бірлескен жобаларды іске асыруға дайын -
Жаңа қаулы: «Ashyq» жобасын енгізу және іске асыру -
Жамбыл облысы тұрғындарының табысын көбейтуге бағытталған пилоттық жоба қалай іске асуда -
Президент тапсырмасы: Елімізде «Е-өтініш» ақпараттық жүйесі іске қосылды -
30 жыл: ШҚО-да минералды су өндіретін зауыт іске қосылады -
Әлеуметтік қызметтер порталын қолдау бойынша байланыс орталығы іске қосылды -
Қазақстанда қысқа мерзімді онлайн курстардың бірыңғай порталы іске қосылды -
ЕАЭО аумағында бірыңғай жұмыс іздеу жүйесі іске қосылады -
2 млрд ағаш отырғызу: Егілетін ағаш түрлері, іске асыратын ұйымдар және қаржыландыру мәселесі -
Қоршаған ортаны қорғау: Заңдағы өзгерістер, «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасының іске асырылуы -
Спорттық секция мен шығармашылық үйірме: Кімдер қатысады, қалай өтінім береді және олардың жұмысы қалай іске асады -
Алматы мен Нұр-Сұлтанда дайын құжаттарды үйге жеткізу қызметі іске қосылды -
Назарбаев халықаралық әуежайында Ashyq жобасы іске қосылды -
Жеңіс күні: Qaharman1945.kz порталы іске қосылды -
Президент тапсырмасы: Спорт және балалардың шығармашылық әлеуетін қолдау бойынша қандай іс-шаралар іске асты