ҚР Премьер-Министрі үздік кәсіпорындарды «Парыз» сыйлығымен марапаттады

20 Желтоқсан, 2013 14:15
Бүгін Астанада Индустрияландыру күні аясында ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов үздік кәсіпорындарға «Парыз» сыйлығының иегерлерін салтанатты түрде марапатталды.

Ірі бизнес өкілдері арасында «Жылдың үздік әлеуметтік жобасы» аталымында Соколов-Сарыбай кен-байыту өндірістік бірлестігі үздік деп танылды. Ал «Үздік ұжымдық келісім-шарт» номинациясы бойынша Батыс Қазақстан облысындағы «Зенит» Орал зауыты жеңімпаз деп танылды. «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын» атағы Астана қаласындағы «Кегок» электр желілерін басқару компаниясына бұйырды. Сондай-ақ «Экологияға қосқан үлесі үшін» аталымында Солтүстік Қазақстан облысындағы «СЕВКАЗЭНЕРГО» компаниясы топ жарды.

 

Барлық жаңалықтар