- Басты
- ОҚО-да үш этноқалашық салынады
ОҚО-да үш этноқалашық салынады

Ондағы мақсат – көне мұраларды сақтап, туристерге өңір тарихын кеңінен насихаттау.
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевтың төрағалығымен өткен қала құрылысы кеңесінің кезекті мәжілісінде 10 сәулеттік жоба қаралды.
Солардың ішінде Түркістан қаласын әлемдік деңгейдегі тарихи-мәдени орталық ретінде даму тұжырымдамасын бекіту, Отырар ауданындағы «Арыстанбаб» кесенесінің және «Көне Отырар» қалашығының айналасын абаттандыру мен Шымкент қаласындағы «Шымкент СИТИ» тұрғын ауданының жанындағы этноқалашықтың эскиздік жобалары талқыланды.
«Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында туған жеріміздегі тарихи кешендерді қалыпқа келтіру мен оларды әлемге таныту жайында ерекше тебіреніспен жазды. Ал еліміздегі архиологиялық мұралардың басым бөлігі Оңтүстік Қазақстан облысында. Сондықтан көне мұраларымызды сақтай отырып, бірлесе кеңесіп жаңа сәулеттік ғимараттарды дүниежүзілік талаптарға сай етіп салуымыз қажет. Ол ғасырларға қалатын ерекше ғимараттар болуы тиіс. Осындай сәулетті нысандарымыз арқылы туристердің санын арттыруға болады»,-деді Жансейіт Қансейітұлы.
Аймақ басшысы бірінші кезекте туризмді дамытуға үлес қосатын Түркістан қаласы мен Отырар аудандарындағы жобаларды тездетіп қолға алуды тапсырды. Өйткені ЭКСПО-2017 көрмесі жақындап келеді. Аталған халықаралық көрме аясында облысымызға туристер ағылады деп жоспарланып отыр.
Ең басты мәселе – туристік бағыттағы аудан-қалалардағы көшелер мен инфрақұрылымдық, сервистік қызметтердің сапасын жақсарту. Биыл Елбасы тапсырмасына сай «Шымкент СИТИ» жобасының құрылысы қарқын алу тиіс. Қазір аталған аймақта құрылыс жұмыстары қызу жүргізіліп жатыр. Алдағы уақытта этноқалышық құрылысы жанданады. Осы мақсатта Шымкент қаласының бас архитекторы Нұрлан Арқабаев кеңес мүшелеріне этноқалашықтың жаңа нобайын таныстырды.
Сондай-ақ жиында Шымкент қаласындағы ескі қалашық аумағы мен «Қошқар ата» өзенінің бойын абаттандыру және облыс пен қалаға кіреберіс қақпаларының, «Цитадель», «Қарауылтөбе» жобалары таныстырылды. Бұл жөнінде облыстық Сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Еркін Жүсіпов пен «Сәулеттік бюро» КММ-нің директоры Бақытжан Әшірбаев кеңінен әңгімелеп берді.
Айта кетейік, Оңтүстік Қазақстан облысы қала құрылысы кеңесі бірыңғай сәулеттік және қала құрылысы саясатын іске асыру, қолға алынған жобалардың сапасын арттыру үшін құрылған.
-
А.Мұхамбетов: Нан бағасын ұстап тұру үшін қосымша қаржы бөлінді
Қостанай облысында нан бағасын ұстап тұру үшін жергілікті бюджеттен қсымша қаржы бөлінді. Бұл туралы аталған облыстың биылғы 10 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларына арналған баспасөз конференциясында Қостанай облысының әкімі Архимед Мухамбетов айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
05 Желтоқсан 2019, 13:29
-
Көпбалалы отбасыларға жәрдемақыны ресімдеу үшін құжаттарды тапсыру мерзімі шектелмеген
4 және одан да көп балалары бар қазақстандықтарға көпбалалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау үшін қысқа мерзімде құжаттар тапсыруға ұмтыла отырып, ХҚКО-да ажиотаж жасау қажет емес. Бұл жәрдемақыны алу құқығын рәсімдеу мерзімі шектелмеген.
04 Желтоқсан 2019, 14:23
-
Келер жылдан бастап "Болашақ" бағдарламасының талаптары күшейтіледі
Келесі жылдан бастап "Болашақ" бағдарламасына өзгерістер енгізіліп, оның талаптары күшейтілетін болады. Бұл туралы "Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия отырысының қорытындысы" тақырыбында өткен баспасөз мәжілісінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі Рүстем Биғари мәлім етті, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
27 Қараша 2019, 17:30
-
Е.Досаев: ЕАЭО-ға мүше елдердің қаржы нарығындағы заңнамасын үйлестіру туралы келісім әзірленді
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің қаржы нарығы саласындағы заңнамасын үйлестіру туралы келісім әзірленді. Бұл туралы мәжілісте өткен пленарлық отырыста ҚР Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев айтты, деп хабарлайды Strategy2050.kz тілшісі.
13 Қараша 2019, 10:10
-
Алматы облысының аумағында мал және ет өнімдерін тасымалдауға бақылау күшейді
«Мал ұрлығы» жедел алдын алу іс-шарасы барысында Алматы облысының тәртіп сақшылары мал және ет өнімдерін тасымалдауға, оларды саудалауға қажетті құжаттарды қатаң тексеруге алуда.
12 Қараша 2019, 15:34
-
Қоғамдық және азаматтық бақылауды күшейту керек - А.Шпекбаев
Елордада "Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі –Адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің ресми тұсаукесері өтті. Жиынға қатысып, сөз сөйлеген ҚР сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев мемлекеттік органдардағы сыбайлас жемқорлықты азайту үшін қоғамдық және азаматтық бақылауды күшейту керек екенін атап өтті, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
11 Қараша 2019, 16:54
-
Astana Club: Еуразия үшін 10 басты сын-қатер анықталды
Қазақстан астанасында «Астана Клубы» саяси форумының бесінші мерейтойлық отырысы кезінде «Еуразия 2020 үшін 10 басты сын-қатер» тәуекелдер рейтингісінің екінші басылымының тұсауы кесілді. Аталмыш зерттеу жұмысына 70 елдің 1100–ден аса кәсіби сұхбаткері сауалнамаға тартылды, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
11 Қараша 2019, 13:32
-
Астанадағы проблемалы объектілердің құрылысын аяқтау үшін 40 млрд теңге бөлінді
Елордадағы проблемалы обьектілер құрылысын аяқтау үшін "Нұрлы жер" мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы аясында Ұлттық қордан 40 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы елорда әкімінің орынбасары Алтынбек Қайсағалиев баспасөз мәжілісінде айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
06 Қараша 2019, 18:32
-
Президент Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелерін қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелерін қабылдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
06 Қараша 2019, 17:54
-
Фермерлер үшін несие алу 30 күннен 30 минутқа қысқарды
«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ электрондық несиелеу өтінімін беру жүйесін таныстырды. Енді шаруалар несиені 30 күнде емес, 30 минутта алуға мүмкіндік алды. Жоба тестік режимде іске қосылып отыр. 2020 жылдан бастап республиканың барлық аймақтарында іске қосылады, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
06 Қараша 2019, 13:08
-
Д.Назарбаева: Елдің басқару жүйесіндегі жергілікті өзін-өзі басқару толыққанды әрі күшті буын болуы тиіс
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Дариға Назарбаева жұмыс сапарымен Павлодар облысына барды, деп хабарлайды ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметі.
01 Қараша 2019, 18:38
-
Дариға Назарбаева жұмыс сапарымен Павлодар облысына келді Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы жұмыс сапарымен Павлодар облысына келді. Сенат Төрағасы Д.Назарбаева облыстық, қалалық мәслихат депутаттарымен, қоғамдық кеңес мүшелерімен
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы жұмыс сапарымен Павлодар облысына келді.
01 Қараша 2019, 10:33
-
ҰОС-та қаза болған және хабарсыз кеткен жауынгерлерді іздеу үшін сайт ашылды
Ұлы Отан соғысында қаза болған, хабарсыз кеткен жауынгерлерді іздестіру үшін арнайы сайт ашылды. Бұл туралы "Atamnyn amanaty" қоғамдық бірлестігінің Басқарма басшысы Мұрат Молдағалиев аталған бірлестіктің жұмысымен таныстыру мақсатында өткен баспасөз мәжілісінде айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
31 Қазан 2019, 14:18
-
Мемлекет басшысы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелерімен кездесті
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыдағы резиденциясында Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелерімен бірқатар кездесулер өткізді, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
30 Қазан 2019, 16:41
-
«ҚТЖ» жұмысқа тұрғызғаны үшін пара алуды жоюға ниетті
Ұлттық тасымалдаушы персоналды ашық жалдау жөніндегі жаңа жобаны ендіруде. Бұл туралы бүгін «Самұрық-Қазына» АҚ алаңында өткен брифинг барысында «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Серік Әбденов мәлім етті.
30 Қазан 2019, 15:48
ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді
Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту
Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді
Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады
Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады
Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс
15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі
Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі
Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі
ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды