- Басты
- Жаңалықтар
- Алматы мен Сингапур инвестиция тарту саласында тәжірибе алмасты
Алматы мен Сингапур инвестиция тарту саласында тәжірибе алмасты
Алматы әкімдігі хабарлағандай, кездесу барысында Бауыржан Байбек Алматыны Сингапурдың инвестиция тарту, қаржы қызметі секторы мен туристік кластерді дамыту тәжірибесі қызықтыратынын атап өтті. Сонымен қатар, сингапурлық делегацияға Алатау ауданындағы Индустриалды аймақ пен «Инновациялық технологиялар паркі» АЭА-тың әлеуеттері көрсетілді және «Алматы-2020» қаланы дамыту бағдарламасын жүзеге асыруда, соның ішінде «smart city» бағыты бойынша ынтымақтастық мәселелері сөз болды.
Өз кезегінде, Сингапур Респуликасының сауда индустрия және ұлттық дамудың мемлекеттік министрі Ко По Кун таяу арада біріккен жобалардың пайда болатындығына сенім білдірді.
«Қазақстан бізді қатты қызықтырады. Ұлы Жібек жолы бойына орналасқан ерекше ел Орталық Азия мен ЕАЭО-қа енудің қақпасы болып табылады. Біз Алматы сынды ару қалаға арнайы келдік, ынтымақтастықтық барысындағы ауқымды жоспарларымызды жүзеге асыруда қаланың қаншалықты рөл атқаратынын білетін боламыз. Мен Сингапур мен Қазақстан бизнесмендері түрі салалар бойынша бірқатар нақтылы жобаларды жүзеге асыратынына сенімдімін», - деді Сингапурдың сауда және индустрия министрі.
Естеріңізе сала кеттейік, бүгін қалада «Алматы-Сингапур» бизнес форумы өтіп, оның жұмысына Сингапур Респуликасының сауда индустрия және ұлттық дамудың мемлекеттік министрі Ко По Кун, Сингапур Республикасының денсаулық сақтау, коммуникация және ақпарат жөніндегі мемлекеттік министрі Чи Хун Тат, Сингапурдың экономикалық даму кеңесінің басшысы Льюнг Фиона, ірі сингапурлық компаниялар басшылары мен бизнес өкілдері қатысты.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері