Алматы облысында қант зауытының қызметкерлері үшін тұрғын үй салынады

21 Сәуір, 2017 09:07
Жансүгіров ауылында қант зауытының мамандарына арнап 20 пәтерлі үй салу ұсынылды, деп хабарлады Алматы облысының әкімдігі.

Тұрғын үйдің құрылысы  күзге жоспарланған.

Облыс әкімдігі хабарлағандай,  «Əлихан» шаруа қожалығының  иелігіндегі 280 гектар жердің өткен жылы 15 гектарына қант қызылшасын сеуіп, қызылша  өнімділігі əр гектарына 700 центнерге дейін жеткен.

Табыстың тиімділігі мен Ақсу қант зауытының биыл іске қосылатынына ынталанған шаруашылық биыл қант қызылшасы себілетін алқап көлемін 35 гектарға жеткізуді көздеп отыр. 

Барлық жаңалықтар