• Басты
  • ҚР Қорғаныс министрлігі: Әскери қызметшілердің басты мақсаты – БҰҰ бітімгершілік операцияларын бақылау
20 Желтоқсан, 2013 12:40

ҚР Қорғаныс министрлігі: Әскери қызметшілердің басты мақсаты – БҰҰ бітімгершілік операцияларын бақылау

"Парламент Палаталарының бірлескен отырысында депутаттар Мемлекет басшысының қазақстандық әскери қызметшілерді БҰҰ бейбітшілікті қолдау жөніндегі операцияларына және бақылаушылар ретінде жіберу жөніндегі үндеуін қолдады", - деп Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
ҚР Қорғаныс министрлігі:  Әскери қызметшілердің басты мақсаты – БҰҰ бітімгершілік операцияларын бақылау

«Бұл Қазақстан Қарулы Күштері дамуындағы маңызды қадам – біздің офицерлеріміз бітімгершілік операцияларына қатысу бойынша құнды тәжірибе жинақтап, халықаралық ортада жұмыс істеуге машықтанады. Бітімгершілік саласындағы қазіргі заманғы рәсімдер зерделеніп, оларды біздің бітімгершілік бөлімшелерімізді даярлауға енгізетін боламыз», - деді қорғаныс ведомствосының басшысы.

Осы бағыттағы қызметтің маңыздылығы әлемдік қауымдастықтағы мемлекеттің беделін нығайтудың өзекті болуымен айқындалады. Біріккен Ұлттар Ұйымының бітімгершілік қызметінің рөлі айтарлықтай: БҰҰ мәліметтері бойынша соңғы жиырма жыл ішінде әлемдегі мемлекетаралық қақтығыстар саны іс жүзінде жартылай кеміген, бұл айтарлықтай дәрежеде бітімгершілік операцияларының жүргізілуіне байланысты.

Басқа мемлекеттер, ТМД елдерін қоса алғанда, бітімгершілік қызметіне белсенді түрде қатысуда. Біздің де бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау жөніндегі операцияларға қатысу тәжірибеміз бар – бұл Ирактағы миссия, БҰҰ бітімгершілік операциясы болмаса да ол Қауіпсіздік Кеңесінің санкциясымен жүзеге асырылды. Қазақстандық контингенттің миссиясы әлемдік қауымдастықтың жоғары бағасын алды.

Үндеуге сәйкес бақылаушылар ретінде 5 әскери қызметшіні Гаити, Батыс Сахара, Кот,дИвуар және Либериядағы БҰҰ миссияларына жіберу ұсынылады. Бұл миссиялар сыртқы саяси мақсаттарға сүйеніп, сондай-ақ қауіпсіздік саласындағы ахуалды есекере отырып таңдалған.

Ең алдымен бақылаушылардың қақтығыстарға қатыспайтынын, бейтараптық ұстанымын сақтап, ешбір тарапты жақтамайтынын ескерген жөн. Олар миссияға қарусыз жіберіледі, өйткені олардың негізгі міндеті ахуалды талдап, БҰҰ-ға баяндау болып табылады. Бітімгершілік операцияларына қатысатын әскери қызметшілер үшін бірқатар жеңілдіктер көзделген - олар үш еселенген мөлшердегі жалақы, қосымша жыл сайынғы демалыс, еңбек сіңірген жылдарының жеңілдікпен есептелуі.

Қорғаныс министрлігі офицерлерді жоспарлы негізде жетекші бітімгершілік даярлығы орталықтарындағы тиісті курстарда даярлайды. Миссияға жіберу үшін БҰҰ талаптарына сай келетін – ағылшын тілін білетін, автокөлік пен арнайы техниканы басқара алатын офицерлер іріктеп алынған.

Әділбек Жақсыбековтің айтуынша іс жүзінде қажетті тәжірибе жинақтау, әскери қызметшілердің кәсіби біліктілігін арттыру Қарулы Күштеріміз міндеттерінің бірі болып табылады. Сонымен қатар Қазақстан халықаралық қауымдастықтың жауапты мүшесі ретінде бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау жөніндегі өз міндеттемелерін орындайды. Осылайша, бұл еліміздің өңірлік көшбасшы ретіндегі рөлін нығайта түсуге ықпал етеді.

Сондықтан да бақылаушыларды жөнелту осы бағыттағы маңызды қадам болатыны анық. Сіздер білетіндей 2000 жылы «Қазбат» қазақстандық бітімгершілік батальоны құрылған болатын. Біз оның даярлығы мен жарақталуына үлкен көңіл бөліп келеміз. Бұл ретте даярлық жүргізу мен бірлескен оқу-жаттығулар түріндегі біздің шетелдік әріптестеріміздің қолдауы маңызды элементтің бірі болып табылады.

Қазақстандық әскери қызметшілерді бітімгршілік миссияларына жіберу БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне және БҰҰ Бас ассамблеясының төрағалығына сайлау барысында Қазақстан Республикасының кандидатурасын ілгерілетуге жағдай жасайтын болады. Қауіпсіздік Кеңесі Біріккен Ұлттар Ұйымының бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау жөніндегі басты органы болады.

 

 

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды