- Басты
- Жаңалықтар
- Қытайға жыл басынан бері қазақстандық өндірістегі 204 автомобиль экспортталды
Қытайға жыл басынан бері қазақстандық өндірістегі 204 автомобиль экспортталды
«Экспорттық жеткізілімдер туралы айтатын болсақ қазақстандық өндірушілердің бұл саладағы тәжірибелері қысқа мерзімді. Алғашқы қазақстандық құрастырудағы автокөліктердің жеткізілімі 2013 жылы болды, «АЗИЯ АВТО» зауыты Ресей нарығына өз өнімдерін шығарды. Бүгінде еліміздің ірі өндірушілерінің ішінен «АЗИЯ АВТО» компаниясы ғана экспорттық саясатын толық қанды жүзеге асыруда», – деді О. Алферов.
Осыған қарамастан отандық автоөндірушілер Қытай нарығына шыға білді. Бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша аспан асты еліне 204 автомобиль экспортталды.
Осы кезеңде Қытайға автокөлік сату 2017 жылы 3 мың данадан асатын болады.
Жалпы, жыл басынан бері отандық зауыттар ішкі нарықта 2 587 дана автокөлік сатып үлгерді.
«Жергілікті құрастырудың автомобильдерінің сараланымындағы басыңқы жайғасымын «АЗИЯ АВТО» АҚ алады – 1914 сатылған автомобиль немесе отандық техниканың жалпы өтімінің 74 %. «СарыарқаАвтоӨндіріс» ЖШС 502 бірлік тиелді немесе сараланымдағы үлесі – 19% көрсетті», – деп атап өтті О. Алферов.
Бұдан әрі отандық автоөндірушілердің өнімінің өткізу рейтингінде «КАМАЗ-Инжиниринг» АҚ, «АгромашХолдинг» АҚ, СемАЗ» ЖШС және «Hyundai Trans Auto» ЖШС орналасты.
Сонымен қатар, «ҚазАвтоӨндіріс» одағының басқарма төрағасы Қазақстанда жақсы сатылатын көліктер туралы айтып берді.
«Жақсы сатылатын жеңіл машиналар рейтингісін ағымдағы жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша Lada бастады. Үздік бестіктер қатарына Kia, Hyundai, Chevrolet пен Jac енді», – деп түйді спикер.
Ақбота Күзекбай
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
А.Цой: 17 қазаннан бастап вакцина алмағандар жұмысқа жіберілмейді