- Басты
- Жаңалықтар
- 2017 жылы мемлекеттік инвестиция есебінен 25 мың пәтер салынады
2017 жылы мемлекеттік инвестиция есебінен 25 мың пәтер салынады
Комитет төрағасы 2016 жылы тұрғын үй құрылысы және коммуналдық шаруашылық істері саласындағы жұмыстың толыққанды ұйымдастырылғанын, құрылыс саласының өсім тенденциясының сақталып отырғанын және салаға бағытталған қаржының толық игерілгенін жеткізді.
«Тұрғын үй саласына салынған инвестиция 2015 жылғы 740 миллиардтан 2016 жылы 830 миллиард теңгеге артты. Ал, 2017 жылдың алғашқы тоқсанында 174 млрд. теңге бағытталды. 2016 жылы республиканың тұрғын үй қоры 10,5 млн. шаршы метрге артты. Бұл шамамен 90 мың баспана.2017 жылы жалпы алаңы 3,1 млн. ш. метр тұрғын үй немесе 25 мың баспана салынды. Бұл көрсеткіш 2016 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 25,3 пайызға артық. 2017 жылы «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 100 мың пәтер, оның ішінде мемлекеттік инвестиция есебінен 25 мың пәтерсалынатын болады»,- деді комитет төрағасы Мархабат Жайымбетов.
Брифинг барысында жеке тұрғын үй құрылысын қолдау және оны дамыту мақсатында облыс орталықтарында ұсынылған жаңа пилоттық жоба жайлы және берілетін әлеуметтік баспанаға қатысты мәселелер де айтылды.
«Халықтың әлеуметтік әлсіз топтары үшін сатып алу құқығынсыз арендалық баспана салынады. Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесінің салымшылары үшін несиелік тұрғын үйлерді пайдалануға беру көлемі артатын болады. Жеке құрылыс салушылардың тұрғын үй құрылысын және мемлекеттің субсидиялауы арқылы ипотекалық несиелендірудің қолжетімділігін арттыру көзделуде»,-деп атап өтті комитет төрағасы.
Айта кетейік, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында 83 жоба іске асырылмақ. Бұл жылумен, сумен жабдықтау және су бұру желілерінің тозуын 60 пайызға дейін төмендетуге мүмкіндік бермек.
2017 жылы сумен жабдықтауға қолжетімділікті қалаларда 2 пайызға, ал, ауылдарда 2,7 пайызға арттыру жоспарлануда. Жалпы, 150 жоба іске асырылады.
Жүргізілген реформалар кәсіпкерлер үшін рұқсат алу процедураларының санын 25-тен 8-ге дейін және құрылысқа рұқсат алу мерзімін 3 айдан 1 айға дейін қысқартуға мүмкіндік берді. Атқарылған шаралардың нәтижесінде «Doing Business» рейтингінде Қазақстанның позициясы жақсарды. Дүниежүзілік банктің бағалауы бойынша, Қазақстан 2 жылда 152 орыннан 22 орынға көтерілді.
Құрылыс саласын техникалық реттеудің еуропалық және әлемдік жүйелеріне кірігу шеңберінде 2017 жылдың соңына дейін жалпы құрылыс мәселелері бойынша ескірген Құрылыс нормалары мен ережелерін алып тастау жоспарлануда. 2019 жылдың соңына дейін Еурокод жүйесіне толық ауысу көзделуде.
Құрылыс саласына сандық технологиялар енгізілуде:
- кондоминиум нысанын басқару органдары қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету үшін «Е-Шаңырақ» бірыңғай ақпараттық жүйесі тұрғындарға электрондық дауыс беру арқылы кондоминиум нысанын басқаруға және оны күтіп ұстау мәселесіне қатысуға, есептілігін қарауға және оны басқару органдарының жұмысын бағалауға, сондай-ақ мобильді құрылғыны пайдалануға мүмкіндік береді.
- жобаларға электронды портал арқылы «Бір терезе» қағидаты бойынша кешенді ведомстводан тыс сараптама жүргізу салалық экологиялық, санитарлық-эпидемиологиялық және құрылыстық сараптаманы бір сараптамалық ұйымға біріктіреді.
-
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
2021 жылдың басынан бері 12,5 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды