ШҚО-да игерілмеген 60 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды

20 Сәуір, 2017 20:43
ШҚО-да жалға алынып, игерілмеген 63,3 мың га жер аумағы анықталған. Аталмыш жайтқа байланысты сотқа 88 талап-арыз жіберіліп, 60 мыңнан астам га аумақ қайтадан мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлады ШҚО ақпараттық орталығы.

ШҚО Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы басшысының м.а. Мейіржан Әшімхановтың айтуынша, 88 талап арыздың 16-сы қанағаттандырылып, 2 іс әлі қарауда жатса, кәсіпкерлер жіберілген заңбұзушылық әрекетті жедел түзеткендіктен, 70 арызға қатысты тергеу амалы тоқтатылған.

«Мемлекеттен 76 мың га жерді жалға алып, қолданбағаны үшін «Бәтуә», «Мәнфағат» және «Ырғын» ЖШС-терінен 60 мың га жер аумағы мемлекеттің меншігіне қайтарылды», – деді Мейіржан Әшімханов.

Сондай-ақ, Алакөл, Сібе көлдерінің жағалауында қолданылмаған 361 жер телімі анықталған. Әділет органдары жасаған ескертуден кейін бір жыл көлемінде жер телімі қолданылмаса, оны мемлекетке қайтару бойынша шара қолданылмақ.   

 

Барлық жаңалықтар