• Басты
  • Жаңалықтар
  • Стратегия-2050 мақсаттарына қол жеткізу үшін жастарды жұмылдыру қажет – С. Нұрбек

Стратегия-2050 мақсаттарына қол жеткізу үшін жастарды жұмылдыру қажет – С. Нұрбек

20 Желтоқсан, 2013 12:36
Астанада халықаралық конференция барысында «Нұр Отан» партиясы Қоғамдық саясат институтының директоры Саясат Нұрбек «Қазақстан-2050» Стратегиясында көрсетілген мақсаттарды жүзеге асыруда жастарды белсенді түрде жұмылдыру қажет деп атап көрсетті, деп «Нұр Отан» партиясының баспасөз қызметі хабарлады.

«Идеологиялық жұмыста халықты барынша жұмылдыру біз үшін өте маңызды. «Қазақстан-2050» Стратегиясында ең алдымен жастарға басымдық жасалған. Жастарды осы идеялар мен құндылықтар төңірегінде  ұйытып, олардың күш-жігерін Президент айқындаған міндеттерді іске асыруға бағыттау қажет», - деп пікір білдірді Саясат Нұрбек.

Оның айтуынша, партия Доктринасы  қазақстандықтардың құндылықтарын қалыптастыру мен ұлттық болмысты сақтауға бағытталған.

«Мемлекет басшысы еліміздің даму бағыттарын нақты белгілеп берді, онда Қазақстанды модернизациялау басты басымдық болып табылады. Доктринада ең алдымен ұлттық болмысты сақтауға мүмкіндік беретін құндылықтарды қалыптастыруға назар аударылған. Бұл «Қазақстан-2050» Стратегиясын іске асыруда өте маңызды», - деп қорытты С. Нұрбек.

 

 

 

 

 

 

Барлық жаңалықтар