2017 жылы Қазақстанда құрастырылған автомобильдердің сатылымы өсті

20 Сәуір, 2017 16:29
Егер осыдан бір жыл бұрын тұтынушылардың 19%-ы ғана қазақстандық автозауыттардың машинасын сатып алса, бүгінде елімізде сатылып алынатын әрбір үшінші көлік қазақстандық болып табылады. Бұл туралы «ҚазАвтоӨндіріс» Қазақстан автомобиль саласы кәсіпорындары одағының басқарма төрағасы Олег Алферов ОКҚ-дағы баспасөз конференциясында хабарлады.

2016 жылдың сәйкесінше кезеңімен салыстырғанда ағымдағы жылы қазақстандық құрастырудағы автомобильдердің сатылымы жиырма бес пайызға өсті.

«Жыл басынан бері елімізде автомобиль өндірісі үш ай бойы өсіп келеді. Сатылым өсімі екі тоқсан қатарынан байқалады. Шетелдік көліктерге деген сұраныс пен олардың сатылымы қазақстандық нарықта тоқсанның қорытындысы бойынша 28%-ға қысқарды», - деді Л. Алферов. 

Сонымен, өткен жылы қазақстандық зауыттар шығаратын автокөліктердің түрлерін көбейту бойынша жұмыстарын жалғастырды.

«Есепті кезеңнің қорытындысы бойынша  елімізде ағымдағы жылдың қаңтар мен наурыз айлары аралығында  16,4 млрд.теңге сомаға автокөлік құралдардың 3 405 бірлігі шығарылды. Осылайша, отандық автоөндірушілердің шығарылым көлемі өткен жылғы көрсеткішті 4 есеге арттырды», - деді «ҚазАвтоӨндіріс» одағының басқарма төрағасы.

Оның мәліметінше, жеңіл автомобильдерді шығару көлемі 3095 бірлік белгісіне жетіп, 7 еседен аса өсті.

Ақбота Күзекбай

Барлық жаңалықтар