- Басты
- Жаңалықтар
- «Нұр Отан» жұмыс істеудің жаңа әдісіне көшеді – Б. Берсебаев
«Нұр Отан» жұмыс істеудің жаңа әдісіне көшеді – Б. Берсебаев
«Партия көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша саяси Доктрина негізінде «Нұр Отанның» Орталық аппараты мен филиалдарының жұмыс әдістерін өзгерту жөнінде жұмыс басталды. Доктринада партия өз жұмысын тиімділік, ашықтық, есеп берушілік пен жауапкершілік принциптеріне құратынын белгілеген болатынбыз. Тек сол арқылы қоғамның партияға деген сенімін нығайта аламыз. Атап айтқанда, тиімділікті арттыру мақсатында партияның Орталық аппараты мен филиалдарында партия жұмысы жүйесін автоматтандыру жүргізіліп, жобалық әдістер енгізілді, сонымен қатар қызметкерлерімізді тұрақты оқыту тұру енгізілді», - деп атап өтті Б. Берсебаев.
Сондай-ақ ол партия халықпен кері байланысқа үлкен назар аударып отырғанын атап көрсетті.
«Партияның ашықтығын арттыру бағытындағы жұмыс аясында «Электрондық партия» жобасын жүзеге асырудамыз. Партияның 241 қоғамдық қабылдау бөлмесін орталықтандыру жөнінде жұмыс атқарылды. Сондай-ақ азаматтардың қоғамдық қабылдау бөлмелеріне жасаған өтініштерінің бірыңғай мәліметтер базасын жасадық. Бұл азаматтардың нақты мәселелерімен танысып, дер кезінде шешуге мүмкіндік береді», - деп қорытындылады Болат Берсебаев.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Әскердегі сарбаздар қандай мамандықтарды меңгереді