- Басты
- Жаңалықтар
- ОҚО-да 400 мыңнан астам көшет отырғызылды
ОҚО-да 400 мыңнан астам көшет отырғызылды
Бұған бағдарлама аясында Шымкентте ашылған төрт саябаққа егілген 20 мың түптен астам ағаш көшеттерін қоссаңыз, жасыл желектердің жалпы саны 406 631-ді құрайды екен.
Бүгінгі таңда бағдарлама аясында 172 мың тұт ағашын, 3050 шырша және 22800 түп гүл көшеттерін Ақбастау ауылдық округіндегі «Домалақ ана» кесенесінің маңындағы 20 га қоршалған жер мен Шаян-Екпінді жол бойындағы 5 га жерге отырғызды.
Желектерді отырғызу жұмыстарының кезекті көшбасын Отырар мен Төлеби аудандары жалғайды.
Отырардағы Шілік, Темір, Шәуілдір, Отырар, Қоғам және Талапты ауылдық округтерінде бүгінге дейін 53294 түп жасыл желек отырығызылды.
Ондағы республикалық маңызы бар автожолдың бойында орналасқан ауылдық округтерде аумағы 11 шақырымды құрайтын сайлы, төбелі жерлерге 20 мың түп декоративтік ағаштар - шырша, боз арша көшеттері егілді. Шардарада ауданында бағдарлама аясындағы көгалдандыру жұмыстары жолға қойылған. Ауданда «Жасыл аймақ» құру жоспары түзіліп, «Шардара-Абай» мен «Шардара-Арыс» тас жолдарының бойында 3300 дана көшет жайқалып тұр.
Шатқалдарды игеру шаруасы мұнымен тоқтамайды дейді аудандық жауапты мамандар. Сәуір айының соңына дейін 1 мың түпке жуық көшет көзделген орындарға отырғызылады деп күтілуде.
Созақтықтар «Шатқал» бағдарламасына сәйкес, 6 мың түп тал егу жоспарланғанын айтса, бүгінде оның 1030 түп декоративті көшеті аудандағы 8 су қоймасының маңына отырғызылған.
Және мұнда қазіргі кезде 800 түп раушан гүлі өсіріліп жатыр. Сайрам ауданының табиғат жанашырлары да бағдарламаға қатысудан шет қалған жоқ. Сайрам мен Түлкібас аудандарының шектесер тұсында, яғни Машат асуындағы халықаралық автожолдың бойына 1200 түп түрлі жеміс ағаштарымен қоса, қылқанжапырақты және қаратал көшеттері отырғызылды.
Мақтаарал ауданында «Шатқал» бойынша 11 мың түп тал көшеттерін отырғызса, қазығұрттықтар 40,8 га жерге 25610 дана көшет егуді жоспарлап, бүгінде 25,8 га жерге 16343 дана көшет отырғызды. Түркістанда да апта сайынғы сенбілік бос өтпейді. Онда бүгінгі таңда 17 мың түп ағаш көшеттері күтіп, бапталуда.
Түлкібастағы 15 ауылдық округте «Шатқал» бағдарламасының 6 мың көшеті өсіріліп, бапталуда. Ауылдық округтердегі 34 га жерге түлкібастықтар емен, шырша, қаратал, терек, бозарша, сәмбі ағаштарының көшетін отырғызған. Ал Ордабасылық тұрғындар бүгінге дейін 24165 түп ағаш көшетін егіпті.
Жалпы, өңіріміздегі сай, салаларды көгалдандырып, абаттандыруды көздейтін «Шатқал» бағдарламасын іске асыру жұмыстары мұнан кейін де жүргізіле береді. Алаңдарға жасыл желек қондыру шаруасы жыл соңына дейін жалғасын табады.
-
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
COVID-19: АҚШ-та бір аптада млн-нан астам адам коронавирус жұқтырды, Болгарияда шектеу шаралары енгізілді -
Жаңа жолдау: Мемлекет басшысы қандай жаңа бастамаларды атады -
Тамыз айында 854 мыңнан астам адамға АӘК берілді -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты -
Алматыда тәулігіне 1500- ден астам адам коронавирус жұқтыруда -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,5 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді