ЕЭК дәрілік заттардың сапасына қатысты негізгі талаптарды біріктіруде

20 Сәуір, 2017 11:56
ЕЭК-те дәрілік заттарға қойылатын негізгі талаптар жинағын жасақтауға ерекше көңіл бөлінуде.

Еуразиялық экономикалық комиссияның ақпараты бойынша, Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) ортақ дәрі-дәрмек нарығы Қырғызстан Республикасы қызметін реттейтін құжатты ратификацияланғаннан кейін жұмыс істейтін болады.

Бүгінде Комиссияның мамандары ортақ нарықтың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін бірыңғай ақпараттық жүйені іске қосуға,  сонымен қатар, дәрілік заттардың сапасына қойылатын талаптар жиынтығы - Фармакопея Одағын құру жұмыстарына ерекше дең қойған.

Бұдан басқа, ЕЭК-та фитопрепараттардың, ингаляциялық дәрілік заттардың сапасы туралы және дәрілік заттарды клиникалық зерттейтін мекемелерге және науқас санына байланысты қойылатын жалпы талаптар бойынша жобалық құжаттарды жасақталуда. 

Барлық жаңалықтар