- Басты
- Жаңалықтар
- Д.Назарбаева: Сыбайлас жемқорлықпен күрес «елестермен күреске» айналып кетпесін
Д.Назарбаева: Сыбайлас жемқорлықпен күрес «елестермен күреске» айналып кетпесін
Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Алик Шпекбаев негізгі баяндама жасады. Атқарылған істер жайында айта келіп, ол нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын міндетті түрде сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама жасау және айқындалған сыбайлас жемқорлық қауіптері жөніндегі ұсыныстарды міндетті түрде орындау институтын қалпына келтіруді ұсынды. Одан басқа, агенттік этикалық тұрғыдағы тәртіпсіздіктердің жекелеген құрамын мемлекеттік қызметтің беделін түсіру әрекеттерінің қатарына жатқызуды ұсынып отыр.
Дариға Назарбаева сыбайлас жемқорлықпен күрес «елестермен күреске» айналып кетпеуіне назар аударды. «Адамды жазалау үшін шешім қабылдауда әдепсіздікті қалай өлшеуге болады? Онда адам тағдыры, оның отбасының тағдыры шешіледі. Бұл жерде өте мұқият болу керек», - деді ол.
Сенатор сонымен бірге сыбайлас жемқорлық туралы тәртіп бұзушылықтар туралы хабарлаған азаматтарға жан-жақты қолдау көрсетуді ұсынды. «Оларды қорғауды және лайықты марапаттауды қамтамасыз ету қажет», - деп санайды сенатор.
Сенаторлар Нұртай Әбіқаев, Серік Жақсыбеков, Ляззат Киинов, Рашит Ахметов, Серік Ақылбай, Сәрсенбай Еңсегенов өз ұсыныстары мен ескертпелерін айтты. Депутаттар Парламент жанынан ғылыми-зерттеу институтын құруды, мемлекеттік қызметшілерді таңдау барысына жан-жақты назар аударуды, мемлекеттік қызметшілерге лайықты еңбекақы төлеу мүмкіндігін қарастыруды, қоғамдық кеңестер жұмыстарын жетілдіруді ұсынды.
Дөңгелек үстел соңында комитет төрағасы Д.Назарбаева «Бес институттық реформаны іске асыру жөніндегі Ұлт жоспарында барлық маңызды мәселелер қарастырылған болатын. Парламент қажет заңдарды қабылдады, бірақ олар жұмыс істемей отыр, өйткені бюрократия оған назар аудармады», - деді.
-
Көлеңкелі экономикамен күрес: Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
Есірткі қылмысымен күрес: зерханаларды жабу, сайттарды бұғаттау және заңсыз жарнамалау мәселелері -
Браконьерлермен күрес: Қандай жаза тағайындалады -
«Astana Media Week»: Отандық БАҚ-тың дамуы, стратегиясы және фейк ақпаратпен күрес шаралары -
Есірткі қылмысы мен нашақорлыққа қарсы күрес жұмыстары қалай жүргізілуде -
Қостанай облысы: Сыбайлас жемқорлық қылмыстары, бизнесті қорғау және АШ-ты субсидиялау -
БҚО: Жемқорлықпен күрес, бюджет қаражаты және «Е-асхана» жобасы -
Нашақорлықпен күрес күні: Есірткі саудасы, интернет алаяқтық және алдын алу шаралары -
«СҚ-Фармация»: Дәрі-дәрмек қоры, вакциналау және КВИ-мен күресте қолға алынған шаралар -
ҚР Денсаулық сақтау жүйесі: көлік медицинасы, дәрігерлер жалақысы, ана өлімі, пандемиямен күрес шаралары -
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізудің маңызы -
Тоқаев: Қоғамды жемқорлықпен күресуге кеңінен тарту қажет -
Экстремизм мен терроризм: Әлемдік қауіппен күрес қызметі жайлы -
Сыйлық алғаны үшін мемлекеттік қызметкерлер ірі көлемде айыппұл төлейді