- Басты
- Жаңалықтар
- ОҚО-да мектеп бітірушілердің 71 пайызы ҰБТ тапсырады
ОҚО-да мектеп бітірушілердің 71 пайызы ҰБТ тапсырады
Оның айтуынша, ҰБТ облыста 16 жерде өткізіледі. Олардың төртеуі жоғары оқу орындарының базасында, үшеуі аудан орталықтарындағы колледждерде, тоғызы жалпы орта мектептердің базасында орналасқан. Әрбір ҰБТ өткізу пункттерінде 11-ден 14-ке дейін аудиториялар даярланып, олар ұялы телефон сигналдарын тұншықтырғыш 237 құрылғымен жабдықталып отыр.
«Биылғы жылы министрліктің тапсырмасына сәйкес 91 жаңа үлгідегі 4G жиіліктегі тұншықтырғыштарды алуға жергілікті бюджеттен қаржы қаралып, сатып алу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, тестілеу пунктерінде 26 рамалы металл іздегіштер, 226 салқындатқыш, тестілеу кезінде бейнежазба жүргізу мақсатында 42 бейне тіркегіш орналастырылды», - деді спикер.
Қазіргі таңда 33112 бітірушінің 23760-ы яғни 71,8 пайызы ҰБТ тапсырады деп күтілуде. ҰБТ-ға өтініш қабылдау 10-наурыздан 10-мамырға дейін жүргізіледі.
ҰБТ тапсыруға ниет білдірген мектеп бітірушілері ҰБТ-ның жаңа форматына дайындалу мақсатында алдын-ала байқау тестеріне қатыстырылуда. Наурыз айында алынған байқау тестерінің орта балы – 75,2 балды құрап отыр.
Сондай-ақ ҰБТ тапсыратын 23 760 бітірушінің 13 585-і тасымалдауды, 12 443-і тамақтануды, 1825 оқушы жатын орынды қажет етеді. Бүгінгі таңда жергілікті бюджеттен бітірушілерді тестілеу үшін қажетті қаражат бөлініп, ұйымдастыру жұмыстары жүргізілуде.
Облысымыздағы 1429 түлек «Алтын белгіге», 852 бітіруші үздік аттестатқа, 9-сыныпты бітірушілердің 3568-і үздік куәлікке үмітті.
Бұдан бөлек, ағымдағы жылы «Алтын белгі» иегерлері мектептердегі мемлекеттік бітіру емтихандарының қорытындысымен мектеп директорының бұйрығымен бекітілетін болады.
-
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Тамыз айында өтетін ҰБТ-ға қатысуға өтініш қабылдау басталды -
ҰБТ-2021: Электронды форматтың артықшылықтары мен мүмкіндіктері -
Елорданың дамуы: Қолжетімді баспа мен мектеп құрылысы, тұрғын үй және газбен қамту мәселері -
БҒМ: Мектепке жұмысқа тұру тәртібі, тестілеуді электронды форматқа көшіру және дипломды цифрландыру -
Қазақстанның білім беру нысандары қалай күзетіледі -
Мектеп қауіпсіздігі – маңызды міндет -
Мәжіліс отырысы: «Байқоңырдан» ұшатын зымырандар, мектептегі қауіпсіздік, мектеп емтихандарын болдырмау -
Мәжіліс отырысы: әлеуметтік кәсіпкерлік, «Ashyq» қосымшасының кемшіліктері, қандастардың ҰБТ тапсыруы -
БҒМ: Электронды ҰБТ және мұғалімдерді вакцинациялау мәселелері -
Биыл түлектер ҰБТ-ны қалай тапсырады -
IV тоқсандағы оқу форматы мен мектепке қабылдау тәртібі