- Басты
- Жаңалықтар
- Алматыда қала жастарын қолдаудың Жол картасы таныстырылды
Алматыда қала жастарын қолдаудың Жол картасы таныстырылды
Жобаның тұсаукесері барысында Алматы қаласы Жастар саясаты жөніндегі басқарма басшысының міндетін атқарушы Шыңғыс Бескемпіров жастардың рухани көзқарастарына әлеуметтік бейімделу механизмдеріне қол жеткізудің қиындығы, табыс деңгейінің төмендігі, дәстүрлі емес діни ағымдардың, түрлі қылмыстық процесстердің кері әсер ететінін айтты.
«Бұл Бағдарламада біз негізгі 5 мәселені нақтыладық. Мысалы, білім беру саласы бойынша жоғары оқу орындарының рейтінгіне жемқорлыққа қалай қарайтындығын енгізу жоспарланған, тегін білім беру бағдарламасы бойынша 2-3 жыл ішінде 2,5 мың адамның білім алуы қарастырылған. Жастар практикасының квотасын арттыру жоспарланған және 6 мыңнан астам адам кәсіби даярлықтан өтеді», - деді Шыңғыс Бескемпіров.
Ол бағдарламада бұқаралық спортты дамытуға да лайықты орын берілгендігін, соның арқасында ірі спорттық шаралардың өтетіндігін, спорт алаңдарының абаттандырылатынын,жеңіл атлетикалық және веложолдардың көбейетіндігін, спорт залдарының, Workоut-алаңдарының жаңартылатынын айтты.
Жол картасы жастар саясатын жүзеге асырудың инфрақұрылымын едәуір нығайтады.
Лофт-орталықтан өзге тағы да қосымша жастардың 4 бейімделу орталықтарын, мансап орталығын ашу жоспарланған, бұлардың барлығы жастарды жұмысқа орналастыруды үйлестірудің құрылымдары болып табылады.
Сырттан келген және өз бетінше іс атқаратын жастарды қамтитын да блок қарастырылған.
Егер Жол картасы қабылданса, онда жоғарыда көрсетілген міндеттерді орындау үшін 2- 6 млрд. теңге аралығында қаржы бөлінеді. Алайда, қаржы мөлшері жыл сайын нақтыланатын болады.
Бүгінгі күні Алматыда 14- 35 аралығындағы жастардың саны 800 мың адамды немесе мегаполис тұрғындарының 45%-ын құрайды.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Көлеңкелі экономикамен күрес: Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр -
Цифрландыру: Елімізде IT-индустриясы қалай дамып жатыр -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады