- Басты
- Жаңалықтар
- Шеруге дайындық қарқынды жүргізіліп жатыр – Т.Қойбақов (ВИДЕО)
Шеруге дайындық қарқынды жүргізіліп жатыр – Т.Қойбақов (ВИДЕО)
«Біз бір ай бойы дайындық жүргізудеміз. Алғашында дайындық әскери пунктердің өзінде жүргізілді, енді міне сәуір айында әр әскери ведомствоның өкілдері Астанаға келіп, лагерге орналасты. Біз Қарулы күштеріміздің 25 жылдығына арналған әскери шеруге шамамен 5 мың әскери қызметкер қатысады», - деді Т. Қойбақов.
Сонымен қатар, генерал-майор әскери қызметкерлердің күн тәртібі туралы айтып берді.
«Таңғы 6:30 барлығы тұрып таңғы асқа барады, содан соң қаруын алып сағат 8:30-дан бастап жаттығуға кіріседі. Сосын түскі ас, айта кетерлік жайт әскерилердің саны көп болғандықтан түскі ас уақыты ұзартылды. Кейін сағат 15:45-тен бастап сағат 19:30-ға дейін тағы да жаттығу. Бүгінде әскери шеруге ҚР Қарулы күштерінен басқа ҚР ҰКҚ шекара қызметі және Ұлттық гвардия, мемлекеттік күзет қызметі мен әскери-оқу мекемелері қатысуда», - деді Т. Қойбақов.
Бұдан басқа ол, дайындық жұмыстары жоспарға сай жүргізіліп жатқанын жеткізіп, мінсіз сап түзудің талаптарын айтып берді.
«Кез келген дайындықта мысалы спортшылар жарыс алдында өз күшіне енеді, бізде сол сияқты жауынгерлерімізді 7 мамырға дайындап жатырмыз. Барлық жұмыстар жоспарға сай, еш асықтыруларсыз жүргізілуде. Ешкімді асыра мақтамаймыз, әзірге баға төрт, үш плюс», - деп атап Т. Қойбақов.
Генерал-майор хабарлағандай, әскери техникамен бірлескен дайындық апта соңында басталады.
«Соңғы кездері ауа райы өте қолайлы болып тұр. Бүгінде техникалар шеруге дайындалуда. Шеруді «Жас ұлан» мектебінің тәрбиеленушілері және мемлекеттік күзет қызметі ашады, ары қарай әскери техника жүріп өтеді. Қалғанын әскери шеруде көресіздер», - деп түйді Т. Қойбақов.
Естеріңізге сала кетейік, Астанада 2017 жылдың 7 мамырында ҚР Қарулы күштерінің 25 жылдығына арналған әскери шеру өтеді. Айта кетерлік жайт, бұл шеру техника мен әскери қызметкерлердің саны бойынша ең ауқымдысы болмақ.
Қайрат Жандыбаев
Видео Арман Мұхатов
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Көлеңкелі экономикамен күрес: Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр -
Цифрландыру: Елімізде IT-индустриясы қалай дамып жатыр -
Дәстүрлі форматта оқу процесі қалай өтіп жатыр -
Елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының отырысы өтіп жатыр -
Индустрияландыру картасы шеңберінде қандай жобалар жүзеге асып жатыр -
COVID-19: Әлемде халықты вакциналау қалай жүріп жатыр -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Халық санағына дайындық жұмыстары қалай жүргізілуде -
Жем-шөппен қамту және егін жинау науқанына дайындық мәселелері -
Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр -
Қажырлы қаламгер – Қалмұқан Исабаев -
Ауыл әкімдерін сайлау қалай өтіп жатыр