- Басты
- Корея ЭКСПО-2017 көрмесіндегі павильонының контенттік мазмұнымен таныстырды
Корея ЭКСПО-2017 көрмесіндегі павильонының контенттік мазмұнымен таныстырды

А.Есімов хабарлағандай, Корея Республикасы Астанада өтетін ЭКСПО-2017 көрмесіне өз павильонын ұйымдастыру мен контенттік толтыруға белсенді қатысуда.
Корейлік павильон 1125 ш.м. аумақты алып, Израиль, Сингапур және Океания плазамен көршілес орналасқан.
«Корея елімен қарым-қатынасымыз жақсы дамыған, біз бұл халықтың әдемі дәстүрі және мәдениетімен таныспыз. Сіз жаңғыртылатын энергия көздері саласындағы өзіңіздің озық технологияларыңызды көрсететініңізге сенеміз», - деді ұлттық компанияның Басқарма төрағасы.
Кездесу барысында кореялық тарап өз павильонының контенттік толтырылуымен таныстырды.
«Сізбен кездесуден бұрын біз ЭКСПО нысандарын және корейлік павильонды қарап шықтық. Ұйымдастырушының қолдауы арқасында корейлік павильонның безендірілуі уақыт кестесіне сай өтіп жатыр. Қазір экспозицияның 50 пайызы дерлік дайын, бұл жұмыстарды мамырда аяқтауды жоспарлап отырмыз. Биыл дипломатиялық қарым- қатынастарымыздың 25 жылдығы аталуда, сондықтан біздің экспозиция Қазақстан мен Корея арасында орнаған достық қарым-қатынасты білдіреді», - деп хабарлады Ким Джехон.
Корейлік павильон 11 маусымда ашылып, ал шілденің 18 мен 22 аралығында елдің үздік әртістерінің қатысуымен мәдени шараларға толы корейлік апталығы өтеді. Корея өкілдерінің жасаған тұсаукесеріне сай, ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу кезінде 400-ге жуық шара өткізу жоспарланған.
Естеріңізге сала кетейік, 2017 жылдың 10 маусымынан 10 қыркүйегіне дейін Астана қаласында 5 миллион келушілері күтілетін Халықаралық мамандандырылған көрме өтеді.
-
Үгіт-насихат жұмыстары: кандидаттар өңірлерде бағдарламаларын таныстырды
-
«ADAL» саяси партиясы сайлауалды бағдарламасымен таныстырды
-
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жаңа құрылғымен таныстырды
-
Білім және ғылым министрі Білім күнінің сценарийімен таныстырды
-
Қайрат Мәми «Ата Заң» туралы жинақтар мен пошта маркаларын таныстырды
-
А. Мамин Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің жаңа басшысын таныстырды
-
Корея елшісі карантинде көретін фильмдер тізімін ұсынды
-
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Павлодар облысының жаңа әкімін таныстырды
-
Қазақстан Кореяға қандай тәжірибе бере алады
-
Қазақстан мен Корея ынтымақтастықты тереңдетуде
-
Атамқұлов 2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасын таныстырды
-
Елордада 24 елдің 300 компаниясы өз өнімдерін таныстырды
-
Корея мен Қазақстан су ынтымақтастығын ілгерілетеді
-
Қ.Тоқаев Корея Сыртқы істер министрі Кан Гён Хваны қабылдады
-
Қазақстан-Корея ынтымақтастығын нығайту мәселесі талқыланды

