- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда ондаған ірі кен орындарының ашылуы болжануда
Қазақстанда ондаған ірі кен орындарының ашылуы болжануда
Форум аясында сөз сөйлеген ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Тимур Тоқтабаев жер қойнауын пайдалану саласындағы заңнаманы реформалаудың нәтижелері мен жетістіктеріне тоқталды. Оның айтуынша, «Тәжірибе режимінде Орталық Қазақстанда Степнагорск қаласы маңында 100 шақырымдық аумақ таңдалып алынды және бүгінде 22 жаңа келісім бекітілді.
2017 жылы ақпан айынан Арқалық-Шұбаркөл аумағын және Шығыс Қазақстан облысын барлауға өтініш қабылдана бастады. 2 айдың ішінде 17 типтік келісімшарт жасалды. Қазақстанның жер көлемі мен жер қойнауының ауқымды әлеуетін ескерсек, ондаған ірі кен орындарының ашылуы болжанып отыр. Оның ішінде бірегейлері болуы мүмкін».
Қазақстанда қолға алынған реформалар аясында геологиялық барлау бағыты бойынша 11 жаңа технологияны трансферттеу жүзеге асуда.
«Бұл технологиялар GIS геодеректер базасының, геохимиялық деректер базасының әзірлемелері, сондай-ақ, геологиялық бақылау мен бағалау жүйесі, деректерді өңдеу сценарийлері кезінде үш өлшемді модельдеу және магниттік интерпретация, геомагниттік деректер және бағытталған поляризациялау деректері, спутниктік деректерді спектрлі имидждік өңдеу әдістемесі, рудалылықтың тікелей белгілерін анықтау үшін технологиялық зертханалық талдау, VTEM, ZTEM, AMT+MT геофизикалық технологиялар. Аталмыш технологиялар 2,5 шақырымдағы және оданда ары тереңдңктегі темір рудасын зерттеуге мүмкіндік береді», - деп атап өтті Тимур Тоқтабаев.
Сондай-ақ, форум аясында мемлекеттік органдардың өкілдерінің және жер қойнауын пайдаланушылардың, отандық және халықаралық сарапшылардың қатысуымен «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Кодексі жобасының концептуалдық мәселелерін талқылау» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді.
-
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Д.Абаев: Алтын Орда қалалары қайта қалпына келтіріліп, тарихи-материалдық кешен құрылады -
Ірі салық төлеушілерді салықтық әкімшілендіру ерекшеліктері мен нәтижелері -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Өндірістік жарақаттанудың алдын алу шаралары -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды