- Басты
- Жаңалықтар
- Сенаторлар шағын мектептердің жабылуына қарсы
Сенаторлар шағын мектептердің жабылуына қарсы
Шараны ашқан комитет төрағасы Бірғаным Әйтімова Елбасымыз өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында білім жүйесінің алдына жаңа міндеттер қойғанын атап өтті. Мақалада ұсынылған идеялар, оның ішінде ерекше орын алатын «білімнің салтанат құруы» идеясы еліміздің мектептерінің келбетін өзгертуге тиіс.
Б.Әйтімова жиналғандардың назарын Мемлекет басшысының «Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдарының бәсекелік қабілетімен айқындалады» деген сөзіне аударды.
Сенат депутаттары алдында Павлодар облысы әкімінің орынбасары Мейрам Бегентаев баяндама жасады. Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің мүшелері де аймақты аралаған екі күннен кейінгі өздерінің көрген-түйгендерімен бөлісіп, ұсыныстарын ортаға салды.
Атап айтқанда, депутат Владимир Редкокашин көпшілігі ауылдық жерлерде орналасқан шағын мектептердің проблемаларын шешу қажеттігін атап өтті.
«Мектептерді оңтайландыру - өте жағымсыз құбылыс, тіпті шалғайда жатқан елді мекендерде де мектептердің жабылуына жол бермей сақтап қалу қажет», - деді сенатор В.Редкокашин.
Депутаттар Әли Бектаев пен Нұрлан Қылышбаев мұндай мектептерді мамандармен және қаржылай қамтып, бірнеше пәндерді үйлестіре оқытып жүрген мұғалімдерге еңбекақы төлеудің қағидаларын қайта қарауға шақырды. Депутаттар Жабал Ерғалиев пен Төлеубек Мұқашев мектеп оқушыларына патриоттық тәрбие беру мен интеллектуалдық және рухани дамуы мәселелеріне, оларды шығармашылыққа, музыка, салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарды үйренуге тартудың келешегіне тоқталды.
Баяндамашылар бұл орайда, басқа аймақтар Павлодар облысының тәжірибесін пайдалана алады деп атап өтті. Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы Бірғаным Әйтімова сенаторлардың ұсыныстарын қорытындылай келіп, Павлодар облысына сапар өзекті және жемісті болды деп мәлімдеді.
Сапар барысында депутаттар 40-тан астам қала және ауыл мектептерінің жұмысымен танысу мүмкіндігіне ие болды. Парламентшілер Павлодар, Ақсу мен Екібастұз қалаларында, Ақтоғай, Қашыр, Лебяжі, Успен, Шарбақты аудандарында ұстаздар қауымымен, оқушылармен кездесті. Депутаттар аймақ білім беру жүйесінің табысты жұмыс істеуінің үлгісі бола алады деген ортақ пікірге келді.
Облыста 3-тен 6 жасқа дейінгі балалар мектепке дейінгі біліммен (кейбір аудандарда, мысалы, Ақсу, 2-ден 6 жасқа дейінгі балалар) толық қамтылған. ҰБТ нәтижелері бойынша тіпті, ауыл мектептері жақсы нәтиже көрсетті. Депутаттар көптеген мектептерде шахмат, робототехника сыныптарының болғанына, жоғары жылдамдықты интернетпен, қазіргі заманғы спорт жабдықтарымен қамтамасыз етілуіне риза болды.
Б.Әйтімова өз сөзінде білім және ғылым министрлігін шағын мектептер мәселелерін тиімді шешуге және оқытушылардың еңбекақысының лайықты болуын шешуге шақырды.
Палата хабарлағандай, комитеттің көшпелі отырысының қорытындылары бойынша үстіміздегі жылғы ІІІ тоқсанның соңында Сенатта «Орта білім беру жүйесін заңнамалық реттеудің ахуалы, проблемалары мен келешегі» атты тақырыпта парламенттік тыңдау өткізу жоспарланды.
-
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
Есірткі қылмысы мен нашақорлыққа қарсы күрес жұмыстары қалай жүргізілуде -
Инфляцияға қарсы әрекет ету шаралары -
ІІМ: Балаларға қарсы қылмыстардың жолын кесу және есірткінің таралуын болдырмау шаралары -
Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары -
АҚШ-та балалар арасында коронавирус көбеюде, ал ДДСҰ COVID-19-ға қарсы 3 препаратты сынақтан өткізбекші -
ӘЭД: Инфляция, азық-түлік бағасының қымбаттауы және дағдарысқа қарсы іс-шаралар -
COVID-19-ға қарсы екі екпені не үшін алу қажет -
Шағын және орта бизнесті қолдау шаралары -
Қанша қазақстандық коронавирусқа қарсы вакцина алды -
COVID-19: Коронавирусқа қарсы иммунитет өмір бойына сақталуы мүмкін бе -
Жолдаудағы саяси реформалар пакеті: Ауыл әкімдерін сайлау, партиялардың өту шегін төмендету, «барлығына қарсы» бағаны -
Миллионға жуық қазақстандық коронавирусқа қарсы вакцина салдырды