- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Қарулы Күштерінде мобильді оқу-жаттықтыру топтары нұсқаушыларының дайындығы артуда
ҚР Қарулы Күштерінде мобильді оқу-жаттықтыру топтары нұсқаушыларының дайындығы артуда
Бөлімшенің жауынгерлік тапсырмаларды сәтті орындауына ықпал ететін маңызды факторлардың бірі жеке құрамның кәсіпқойлығы болып табылатыны мәлім. Сондықтан әскери бөлімдер мен бөлімшелердің командирлері үшін жауынгерлік даярлық бойынша нұсқаушылар сержанттар мен сарбаздардың кәсіби дағдылары мен білімдерін қалыптастыру бойынша негізгі аспаптардың бірі болып табылады және оларды дайындауға ерекше назар аударылады.
Курс барысында мамандық ескеріле отырып, оқып-үйренушілер жауынгерлік даярлық, атыс қаруын, ұрыс машиналарының жарағын ұстау және пайдаланубойынша сабақтарды өткізуде бірыңғай әдістемелік дайындық алады, сондай-ақ, әскерлердің күнделікті тыныс-тіршілігінде қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету жөнінде қауіп-қатерді басқару үдерісін игереді.
Әрі қарай дайындық және жазғы кезеңде мобильді оқу-жаттықтыру топтарының білікті гарнизондық нұсқаушылары орындарда әскери бөлімдерде іріктелініп алынған бригадалық және батальондық нұсқаушыларды оқытады. Осылайша, аталған жүйе жауынгерлік даярлық процесінде қолдану үшін нұсқаушыларды үздіксіз дайындауды қамтамасыз ете отырып, рет-ретімен білім мен машықты беруге мүмкіндік туғызады.
Мобильді оқу-жаттықтыру топтарының нұсқаушыларын дайындау тарихы 2010 жылдан бастау алды. Ол кезде алғашқы ұқсас курс өткізілген болатын. Бұл жеке құрамды оқыту жоспарында перспективалық тың жаңалықтардың бірі болды. Сержанттар құрамын дайындаудың аталмыш практикасы жетекші шет елдерінің әскерінде кеңінен қолданылады және көп жылдық практика негізінде өзінің тиімділігін дәлелдеді.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
«E-Salyq Business» мобильді қосымшасының мүмкіндіктері -
Жалпыға бірдей декларация: Бірінші кезең нәтижелері және «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы -
COVID-19: Молдовада карантиндік шектеулер күшейтілуі мүмкін, ал Черногорияда ковидпен ауруханаға түскендердің саны артуда -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Эпидемиолог: Жамбыл облысында вакцина алғандардың саны күн сайын артуда -
Прездент тапсырмасы: Полиция департаменттеріндегі жедел-тергеу топтарына тергеуші әйелдер енгізілді -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы -
Бас анитар дәрігер: Вакциналау деңгейі баяу елдерде вирусты жұқтыру көрсеткіші артуда -
ҚР экологиясы: Ауаның ластануы, қоқыс жағатын зауыттар мен су мәселесі -
ІІМ: Балалар қауіпсіздігі, бейнебақылау жүйесі, жол ережесі және "Police 102" мобильді қосымшасы -
ҚР экономикасы: Бес айда не өзгерді -
ТЖМ: шомылу маусымы, Риддердегі өрт пен Алматыдағы жер сілкінісінің алдын алу -
Мәжіліс отырысы: қашықтан жұмыс істеу, фeльдъeгepлік байланыс және жер қатынастары туралы Заңдар