- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада «Есірткісіз әлем үшін» халықаралық акция басталды
Астанада «Есірткісіз әлем үшін» халықаралық акция басталды
Қазақстанның барлық өңірлерінде акция аясында ауқымды іс-шаралар өтуде.
Акцияға елордада 400-ден астам адам қатысты.
Акция аясында ЖОО студенттерінің, колледждер мен мектеп оқушыларының қатысуымен бірқатар шаралар өтеді. Бұл шараларға ІІМ басшылығы, ШЫҰ бас хатшысы Р. Алимов, Парламент Мәжілісінің депутаттары, БҰҰ мен басқа да халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.
«Есірткі бизнесі барша әлемге жаһандық сын тастады, алайда біз онымен барынша күресеміз. Есірткі бизнесі – ұйымдастырушылық қызметтің басты істерінің бірі, халықаралық лаңкестік үшін де өте қауіпті. Сондықтан да, есірткі біздің ортақ жауымыз», - деді ШЫҰ бас хатшысы.
Рашид Алимовтың айтуынша, Шанхай ұйымы БҰҰ есірткімен күрес саласында ынтымақтасады.
«БҰҰ – ШЫҰ-ның негізгі серіктесі. Есірткімен заңсыз айналысу - Шанхай ұйымы аясындағы ынтымақтастықтың басты бағыттарының бірі. ШЫҰ құрамындағы барлық елдер есірткі қаупін жоюды тәжірибеге енгізіп жатыр», - деді Р.Алимов.
Бас хатшы шараларды бірлесе қабылдап, мектеп және университет жүйелері бойынша есірткімен күреске қатысты белсенді шаралар жүргізу қажет екендігін жеткізді.
Айта кетейік, аталмыш акцияны қазақстандық әншілер мен актерлер, споршылар қолдады.
Осы сынды акциялар Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан , Ресей және Тәжікстанда да өтнді.
Ақбота Күзекбай
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
Елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының отырысы өтіп жатыр -
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
«Ақын» фильмінің әлемдік тұсаукесері Токиода өтеді -
COVID-19: Әлемнің қай елдерінде балаларға вакцина салуға рұқсат етілді -
«Astana Media Week»: Ковидтан кейінгі әлем және салдары -
А.Балаева: «Astana Media Week» - әлемдік медиа мамандарын біріктіретін жоба -
«Ónerpaz bolsań…» атты байқауға өтініш қабылдау басталды -
COVID-19: Әлемде халықты вакциналау қалай жүріп жатыр