- Басты
- Жаңалықтар
- ЭКСПО-2017 Арт-орталығында роботтар мүсіндер қалап, суреттер салатын болады (ФОТОРЕПОРТАЖ)
ЭКСПО-2017 Арт-орталығында роботтар мүсіндер қалап, суреттер салатын болады (ФОТОРЕПОРТАЖ)

ЭКСПО-2017 көрмесі кезінде үш ай бойы «Astana Contemporary ArtCenter» павильоны танымдық негізге келушілерді әр түрлі бағыттағы заманауи өнер туындыларымен таныстыратын болады. Арт-орталық кез-келген жастағы аудиторияны қамтитын болады.

Павильондағы іс-шаралар бағдарламасын құрастыру үшін Францияның Ұлттық мұражайлар бірлестігі мен Ғаламат Сарай (Grand Palais) және «Гараж» заманауи өнер мұражайы жұмылдырылды.


Павильонның бірінші қабатында заманауи өнердің халықаралық жетекші орталықтарында ұсынылатын көрме және білім беру жобалары ұйымдастырылады. Ал, екінші қабатында 13 мемлекеттен келген 17 заманауи суретшінің қатысуымен «Artists&Robots» көрмесі өткізіледі. Көрме өнер туындысын ойлап шығаратын машина туралы армандаған әр түрлі замандағы суретшілердің зерттеулеріне арналады.

Интерактивті көрме негізінде қонақтарға натурамен сурет салатын робот және мүсінші-робот таныстырылады, сондай-ақ, видео-арт пен көптеген роботтар халықтың көз алдында құрастырылмақ.

Павильон дәрісханасында арт нарығына, заманауи кураторлық тәжірибелер мен баспа ісіне арналған дәрістер өткізіледі. Сонымен қатар, замануи өнерге арналған 300-ге жуық фильм көрсетілімі жоспарланып отыр. Фильмдер қазақ тілінде, орыс және ағылшын субтитрларымен көрсетіледі.

Көрмеге келушілерге күн сайын балаларға және отбасыларға арналған шығармашылықты және қалыптан тыс ойлау жүйесін жетілдіру бағытындағы білім беру бағдарламалары қолжетімді болады. Сондай-ақ, заманауи өнерге арналған кітапхана да жұміс істейтін болады. «Гараж» Мұражайы арнайы инклюзивті бағдарлама әзірлеуде, ол мүмкіндігі шектеулі жандардың көрмені тамашалауына және білім беру жобаларына қатысуына жағдай жасайды. Құлағы нашар еститін жандарға арнайы ишарат-ым тілінде экскурсия өткізледі.

Интелектуалды даму тұрғысынан ерекшелігі бар азаматтар үшін арнайы дидактикалық материалдар мен визуалды оқулықтар дайындалады. Ал, зағип жандар мен көзі нашар көретін азаматтар үшін тактильді модель (дене арқылы жанасу) және тифлокомментарий көмегімен экскурсия жүргізілмек.
Фото: Арман Мұхатов
-
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
МӘМС: Пандемия кезінде ақысыз медициналық қызметті қалай алуға болады -
«ECO MEKEN» экологиялық реалити шоу кастингiне қалай қатысуға болады -
«Ashyq» мобильді қосымшасы: QR-код кімдерге беріледі, оны қайдан, қалай алуға болады -
Тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттар тек электронды түрде болады -
Зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыларға беруге болады -
Жаңа Парламент Тоқаевтың басымдықтарын жүзеге асыратын беделді шақырылым болады деп сенеміз - саясаттанушы -
Елордалық жастарға жалға берілетін үйге қалай өтінім беруге болады -
Сайлау учаскеңізді қалай білуге болады -
Заң жобалаpын қоғамдық талқылау тәсiлдеpi кеңейтiлетiн болады -
Мұнай және газ жер қойнауларын аукционда қалай сатып алуға болады -
ТДМ: «3.2.1. Старт!» жастар жобасына қалай қатысуға болады, талаптары қандай -
Зейнетақы қорындағы ақшаны қалай алуға болады