- Басты
- Жаңалықтар
- Еgov.kz порталында анықтама алу жеңілдетілді
Еgov.kz порталында анықтама алу жеңілдетілді
Мемлекеттік органдардан ноу-хауды сынауға әзірше тек Бас прокуратура ғана бел байлады. Бүгінгі күннен бастап электрондық үкімет порталынан соттылығы жоқ туралы анықтама алу үшін электрондық-цифрлық қолтаңбаның болуы міндетті емес. Қазақстандықтар оны еgov.kz порталына авторлану кезінде қызметті алушының ұялы телефонына түсетін бір реттік sms-паролінің көмегімен ала алады.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Басқарма төрағасы Абылайхан Оспановтың айтуынша, бұл жаңалық порталдан қызметтерді алуды едәуір жеңілдететін болады.
«Қазақстандықтардың барлығында ЭЦҚ бола бермейді, ал ЭЦҚ барлары оны әрқашан өзімен бірге алып жүрмейді, сондай-ақ бір анықтама алу үшін ХҚКО-ға бару барлығына бірдей қолайлы емес. Мұндай жағдайларда, қызметті бір реттік парольдің көмегімен алу - жағдайдан шығудың тамашы бір жолы болып табылады. Бір реттік құпия сөзді ЖСН-ді телефон нөміріне байланыстыра отырып, ХҚКО-дан да алуға болады. Осылайша, жақында ЭЦҚ-ға байланыстырмай-ақ өзге де мемлекеттік қызметтерді алуға болады», - деді А. Оспанов.
Атап өтсек, бір реттік құпия сөзді алу үшін азаматтар электрондық үкімет порталында m-gov телефон нөмірлері базасына тіркеле алады.
Осы жоба Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің бастамасы бойынша ҚР Бас прокуратурасымен бірлесе отырып, пилоттық режимде іске асырылды. Қазіргі кезде басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметтерін алу процестерін жеңілдету жұмыстары жүргізіліп жатқанын айта кеткен жөн.
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
Елордада карантин талаптары жеңілдетілді -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
Өндірістік жарақаттанудың алдын алу шаралары -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Адам саудасымен байланысты қылмыстардың алдын алу шаралары -
COVID-19: Әлемнің қай елдерінде балаларға вакцина салуға рұқсат етілді -
Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарындағы коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Атырау және Қызылорда облыстарында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Н.Әбілшайықов: Кәсіпкерлерлерге несие алу шараларын жеңілдету қажет