- Басты
- Жаңалықтар
- Келіссөздер ең жоғары деңгейде өтті – Түрікменстан Президенті (ФОТО)
Келіссөздер ең жоғары деңгейде өтті – Түрікменстан Президенті (ФОТО)
«Келіссөздер барысында екіжақты қарым-қатынастардың жай-күйі мен перспективалары талқыланды. Бұл халықаралық саясатқа, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарға қатысты. Халықаралық саясат жайында айтатын болсақ, біздің дүниетанымымыз ұқсас екеніне тағы да көз жеткіздік. Яғни бұл өңірде ғана емес, сонымен қатар дүниежүзіндегі тұрақтылық пен қауіпсіздік мәселелеріне қатысты мәселелер. Бүгінде халықаралық аренаға шығарылған барлық бастамалар Түрікменстан мен Қазақстан тарапынан қолдау тапқанын атап өткім келеді. Халықаралық мәселелерді қарай келе, әрине, біз тұрақтылық пен қауіпсіздік мәселесі өңірде ғана емес, дүниежүзінде үлкен рөл атқаратынымен келісеміз», - деді Г. Бердымұхамедов.
Түрікменстан басшысы өңірлік сипаттағы маңызды мәселелердің де талқыланғанын айтты.
«Бүгін біз Каспий теңізіне қатысты мәселе сынды өңірлік сипаттағы ортақ мәселелерді қарастырдық. Яғни Каспий теңізі – бейбітшілік, достық теңізі болған және болып қалады да және біз Каспий теңізінің экологиясы, биосферасы мен флорасы мәселелеріне баса назар аударуымыз керек. Сонымен қатар, Арал теңізін құтқару жөніндегі халықаралық қорға қатысты мәселе де қаралды. Осы қордың қатысушылары болып табылатын үш ел тарапынан көптеген мәселелердің қаралғанын айтып өткім келеді. Белгілі бір тұжырымдама әзірленіп, бекітілді және оған сәйкес осы мәселелерді одан әрі де кезең-кезеңмен іске асыратын боламыз», - деп атап өтті Г. Бердымұхамедов.
Сондай-ақ, Түрікменстан Президенті келіссөздер барысында сауда-экономикалық мәселелер, су проблемасы, энергетика және ШОБ мәселелері қаралғанын айтты.
«Энергетика және көлік болашақта біздің мемлекеттеріміз үшін ғана емес, сонымен қатар өңірлер үшін де елеулі рөл атқарады», - деді қонақ.
Түрікменстан Президенті өз сөзін қорытындылай келе, Қазақстан жастары Түрікменстанның жоғары оқу орындарында білім алуына ниет білдіріп, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа жоғары деңгейдегі кездесу үшін алғыс айтты.
«Ғылым, оның жетістіктері, инновациялар, қолданбалы зерттеулер үлкен маңызға ие. Бүгін біз осы мәселеге үлкен көңіл бөлдік. Сондай-ақ, бірқатар маңызды құжаттарға қол қойдық. Біз үшін ең бастысы – стратегиялық әріптестік туралы келісім. Біз шын мәнінде де стратегиялық әріптестер болып табыламыз және осы негізде әріптестігімізді одан әрі жалғастырмақпыз. Келіссөздер өте нәтижелі болып, жоғары деңгейде өтті», - деп түйіндеді Г. Бердымұхамедов.
Қайрат Жандыбаев
Фото Бауыржан Жуасбаев
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Әскердегі сарбаздар қандай мамандықтарды меңгереді -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Эпидемиолог:Ревакцинацияға азаматтардың қызығушылығы жоғары -
ДСМ: Соңғы екі аптада елдегі сырқаттану деңгейі 11%-ға төмендеді -
Елордада карантин талаптары жеңілдетілді -
Көлеңкелі экономикамен күрес: Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Елімізде кедейлік деңгейі 9 есеге жуық төмендеді -
Бақытжан Мәуленбердиев: Құтқарушы ең алдымен ержүрек әрі батыр болу керек -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген